Нұр-Сұлтан қаласында сәтті іске асып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасы қаладағы шағын кәсіпкерлікке серпін беріп, өз ісін бастауды көптен бері армандап жүрген азаматтарға тамаша мүмкіндік беруде.  Қазіргі таңда аталған бағдарламаға қатысып, мемлекеттік жеңілдетілген несиесіне қол жеткізген елорда тұрғындарының қатары жыл өткен сайын артып келеді. Көкейіндегі арман-мақсатын жүзеге асырған елорда тұрғындарының бірі – Әлия Тоқтанаева. Ол «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасына қатысып, балаларға арнап ойыншық жасау ісін жолға қойды.

Бүгінде балаларға қажетті ойыншықтардың көпшілігі сырттан тасымалданатыны білгілі. Сондықтан елімізде ойыншық өндірісін дамытудың мүмкіндіктері бар. Осы жайында көп ойланған Әлия Тоқтанаева ойыншық шығаратын отбасылық бизнесті жүзеге асыруға бел буады. Ол «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасына қатысып, қазір ағаштан балаларды дамытатын ойыншықтар жасауда. Өз кезегінде
бизнес-вумен ойыншық жасау идеясы ойына қалай келгенін айтып берді.

– Кішкентай қызымның есте сақтау қабілетін дамыту үшін елорданың сауда орындары мен дүкендерінен қажетті ойыншықтарды көп іздедім. Сол кезде қаламызда мұндай ойыншықтарды шығаратын кәсіпорындардың жоқ екеніне көз жеткіздім. Көптеген ойыншықтар сырттан тасымалданады. Осыдан кейін сапа жағынан шетелдік ойыншықтарынан кем түспейтін балаларды дамытатын ойыншықтар жасап шығарудың маңызын түсіндік. Бірінші кезекте нарықты зертеп, ойыншықты тұтынатын халықтың сұранысын, ойыншық жасаудың технологияларын жайында көп ізденуімізге тура келді. Осылайша балаларды дамытуға ықпал ететін тақта, балансир, бизиборд, танграм, кубиктер, сырғануыштар, турниктер мен әткеншектер шығаруды бастап кеттік. Ойға алған істі бастау үшін бірінші кезекте қаржы керек. Осы ретте қаламызда жүзеге асып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасына қатысып, бағымызды сынауға тәуекел еттік. Бизнес-идеямызды қағазға түсіріп, қажетті құжаттардың бәрін тапсырған соң, арада біраз күн өткеннен кейін комиссия мүшелері біздің жобамызды мақұлдады. Осылайша «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасына арқасында қазір арман-мақсатымызды жүзеге асырып жатқан жаймыз бар, – дейді Әлия Тоқтанаева.

Бүгінде елордада GA Оiynshyqtar Fabrikasy деген атпен танымал болған шағын кәсіпорын 1-15 жас аралығындағы балаларды дамытуға арналған ойыншықтардың шығаруда. Әлия «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасы арқылы қол жеткізген грантына ағаш өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алып, ойында жүрген ойыншықтарын шығарып, саудаға шығаруда. Жеке кәсіпкердің шығарып жатқан ойыншықтарына сұраныс та жоғары.

– Қазіргі таңда біздер балабақшалар мен балаларды дамыту орталықтарымен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Бұдан басқа бөлшек саудамен де айналысудамыз. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасы бізге үлкен мүмкіндік сыйлады, – деді Әлия Тоқтанаева.

Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасы қаладағы отбасылық бизнестің жандануына барынша ықпал етуде. Елордада шағын кәсіпкерлік қанат жайып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасына қатысушы Дамира Әбкенова да әкімдіктің бизнесті қолдау шараларының арқасында ісін бастап, бизнесін өркендетуде.

– Мен әшекей бұйымдар шығаратын зергерлік іспен айналысамын. Кәсібімді бастамай тұрып, төрт жыл бойы ізденіп, зергерлік істің қыры мен сырын үйрендім. Түрлі әшекей бұйымдарды жасау үшін көптеген құрал-жабдықтар қажет. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасы қатысып, гарантқа ие болғаннан кейін өзіме қажетті құрал-жабдықтардың бәрін сатып алдым. Қазіргі таңда тапсырыс қабылдап, алаңсыз жұмыс істеп жатқан жайым бар, – дейді ADAMI зергерлік шеберханасының иесі Дамира Әбікенова.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасының бірінші бағыты бойынша шағын кәсіпкерлер бақтарын сынап көруіне болады. Бұл бағыт бойынша шағын кәсіпкерлер жылдық сыйақы мөлшері 6 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиеге ие болуына болады. Несие соммасы 5 млн теңгені құрайды. Осы ретте мұндай гранттарға жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлермен бірге ісін бастауға ден қойған азаматтар да қатыса алады. Осылайша қазір «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдараламасына елордадағы шағын кәсіпкерлер үшін басты қолдау болып тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here