Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан өңірлік бағдарламалардың арқасында қала тұрғындары өздерінің жеке кәсіптерін бастап, жаңа жұмыс орындарын құруда. 2021 жыл елордалық 539 бизнес жоба жаңа идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік грантқа ие болғаны осы сөзіміге дәлел болады. Осылайша жеке кәсібін бастауды көптеп бері армандап жүрген жүздеген адам өз арман-мақсатына қол жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 541 мемлекеттік грант беру үшін қаражат бөлінген. Оның ішінде 539 жоба мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына беріледі. Грант өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде бөлінеді. Биыл оның сомасы 583 400 теңгені құрады. Аталмыш бағдарламаның арқасында елордадағы жұмыссыздың көлемі күн өткен сайын кеміп, халықтың тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізіп келеді.

– Халықты жұмыспен қамту орталығы грант иегерімен шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес, грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталығы Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаражатты қайтару бойынша іс-шараларды жүзеге асарады, – деп хабарлады бейінді басқармадан.

Жұмыссыздар да, кәсіпкерлер де (мемлекеттік грантқа өтініш берген сәтте заңды тұлға ретінде тіркелу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайды), өтініш берген сәтте еліміздің салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бірінші бағыт (қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Соның ішінде грантты АӘК алатын аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері ала алады.

Айта кету керек, биыл мақұлданған бизнес-жобалардың 50%-дан астамы тігін және тамақ өнеркәсібі салаларына жатады, 40%-ы қызмет көрсету саласындағы жобалар, шамамен 10%-ы өндірістік жобалар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here