ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына дайын қантты және қант шикізатын әкелуге арналған квота мерзімін ұзартуды ұсынды.

ЕАЭО елдерінен елімізге қант тасымалдау туралы квота осы айдың соңында аяқталады. Осыған орай, тиісті министрлік қантты Қазақстан аумағына әкелеу туралы квота уақытын жыл аяғына дейін ұзартуды көздейтін қаулы әзірледі.

– Ақ қантты және құрамында қанты бар өнімдерді Қазақстанға әкелуге рұқсат беретін квота 2022 жылдың 31 желтоқсанға дейін ұзаруы мүмкін. Әкелінетін қанттың ең аз мөлшері 3 350 тонна көлемінде белгіленеді. Бөлінетін квота көлемінің 85 пайызы ішкі нарыққа бағытталған ақ қантты әкелуге бөлінеді. Ал қалған 15 пайызы құрамында қанты бар өнімдерді тасымалдауға арналады, – делінген ведомство ұсынып отырған қаулыда.

Министрлік дерегінше, квотаға қатысу талаптары да өзгереді. Мәселен, енді сатып алушы құзырлы органға тауарды ЕАЭО елдерінен әкелу жолдары пысықталған келісімшарт көшірмесін беруі тиіс. Сондай-ақ, өтініш беруші қантты шет мемлекеттен сатып алып, оны жеткізуге қажетті 100 пайыз қаржысы барын растауы қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here