«Мұзбалақ» атты анимациялық фильм жарыққа шығады

0
2477

Алдағы уақытта отандық прокатқа адам мен бүркіттің достығы туралы баяндайтын толықметрлі анимациялық фильм шығады.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Қызықты оқиғаға толық аталған фильмнің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы.

Фильмге адам баласының бүркітті қолға үйретуі арқау болған. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Сонымен қатар фильмде қазақтың саятшылық дәстүрі де суреттеледі.

– Қазақта бес жасар бүркітті Мұзбалақ деп атайды. Бұл фильммен авторлар бүркіттер және олармен аңға шығу салтын көрсетуді көздеген. Фильм қазақ тілінде жасалып, орыс тіліне дубляждалды. Кинотеатрларға фильм екі тілде шығады, – деді «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева.

Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде 40-қа жуық кинематографияның осы жанрында еңбек етіп жүрген отандық мамандардың басын қосқан. Ұзақтығы 65 минутты құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында түсіріліп, секундына 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Дүйсенұлы, Алма Әділқызы есімді танымал театр және кино актерлері тартылған.

Айнұр ЖҰМАҚАН

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here