Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, еліміздегі ең төменгі жұмыссыздық деңгейі елордада тіркелген. Бүгінде бас шаһарда жалақы өсіп, коммуналдық тарифтер төмендеуде, медициналық қызмет сапасы жақсара түскен.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы тұрғындарының экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылығының өсуі байқалуда, деп хабарлады стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында.
Еңбек нарығына келетін болсақ, Астанада бұл салада жағдай тұрақты. Еліміз бойынша ең төменгі жұмыссыздық деңгейі – 4,5% елордада тіркелген. Сонымен қатар біз 4 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысын 20% артқанын да айта кетуіміз керек. Осылайша, орташа айлық номиналды жалақы 5,6% өсті, жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыс 9,4% құраған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи монополиялардың қызметтерінің де тарифтері айтарлықтай төмендегені мәлім болды. Атап айтқанда, электр энергиясына тариф – 13%, сумен жабдықтау және ағын суларға – 10%, жылу беру – 9%, қоқысты шығару, лифт қызметтерін және Пәтер иелерінің кооперативі (КСК) қызметтері 5%-ға төмендеген.
– 2023 жылға дейін Астана қаласының ықшамды дамуының кешенді жоспары бекітіліп, іске асырылуда. Жоспар аясында инфрақұрылым тұрғысынан алғанда, 121 шақырым жол, 2 жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 туннель, сондай-ақ жеңіл рельсті көлігінің 1-жолы (LRT), 150 шақырым сумен жабдықтау желілері мен 81 шақырым су бұру желілері салынады. Сондай-ақ ағын сулар құбыры проблемасы да шешілетін болады, – деп атап өтті сала өкілдері.
Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылымдардың саны артады, жалпы 63 мың орынға арналған 37 мектеп пен 10 мектепке жапсарлас ғимарат, 25 жаңа балабақша, 15 денсаулық сақтау нысаны салынып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медициналық мекемелерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «Үйдегі дәрігер» жобасы іске асырылатын болады.
Астана қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктермен 22 млрд теңгенің несиесі мақұлданды (ҚР үлесі – 41%), бұл 1628 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Баспананы одан әрі қолжетімді ету және қала қызметтеріне ең қажетті мамандарды тарту үшін білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуы үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сертификат түрінде 1 млн теңгеге алғашқы 100 субсидия бөлінді, биыл да 2 000 субсидия (сертификат) беру жоспарланған», – деп атап өтті қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары.
Елорданың дамуы жайында есеп берген қалалық әкімдік қалаға газ тарту ісі де жоспарға сай, кезең-кезеңімен іске асып жатқанын мәлімдеді. Бірінші кезекте көгілдір отынмен қалалық ЖЭО, Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный тұрғын алаптары мен Оңтүстік-шығыс ауданы қамтылмақшы.
Қаланы газбен жабдықтау үш кезеңге бөлінген. Бірінші бөлікте газ беру АГРС-1, ЖЭО-1 және ЖЭО-3 (су жылытқыш қазандар және мазут қазандары), су жылытқыш қазандар АГТС-2 және ТЭЦ-2 (2-ші ӨК) жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ Көктал-1, Көктал-2 (3-6-е ПК) тұрғын алаптары, шағын аудандар, оның ішінде Железнодорожный тұрғын алабы, Оңтүстік-шығыс шағын ауданы (8-9-е ПК) қамтылдаы.
Екінші кезекте Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар және Промышленный, Тельман, Пригородный, Garden Village, Family Village тұрғын алаптарын газ отынына ауыстыру жоспарлануда. Үшінші кезекте Ильинка, Шұбар, Өндіріс тұрғын алаптары газдандырылатын болады.
Осы жылдың ІІ тоқсанында І кезектегі газ тарату желілерінің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Қаржыландырудың бөлінуіне қарай Көктал-1,2, Теміржол және Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары 2019-2023 жылдар аралығында газдандырылмақ. Астананы газдандыру республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Қаланы газдандыру шеңберінде Астана әкімдігінің құзыретіне газ тарату желілерінің құрылысы кіреді.
«ҚмД» ақпарат