үй Аймақ бет 9

Аймақ

Сарыағашта 585 пәтерлі 13 тұрғын үй салынуда

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 қабаттан тұратын 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл жобаларға облыстық бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып...

Облыстық полиция басшысы тұрғындармен кездесті

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында облыс тұрғындары жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген мәселелерін жеткізді.

Көпбалалы ана баспаналы болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі ең жас көпбалалы ана Жазира Тұрғынованың отбасын қабылдады. Кездесуде өңір басшысы батыр анаға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі баспананың  кілтін табыс етіп,  жүрекжарды тілегін арнады. – Жуырда ғана Жазира қарындасымыз жастар форумына қатысып,...

Полицияға Дастан секілді кадрлер керек

Алакөлдік жас полицей туралы аз-кем сөз Қоғамның тыныштығы мен құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етуде тәртіп сақшылары аянбай еңбек ететіні аян. Қылмысты ашу мен қандықол қылмыскерді тырп еткізбей ұстау үшін полицейлер білімді әрі білікті болумен қатар,...

Алматы облысындағы аналар кеңесі 500 отбасының шаңырағын сақтап қалды

«Қала мен Дала» Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің атқарған жұмысына аз-кем тоқтала кетуді жөн көрді. Мұның өз себебі бар. Облыстық Аналар кеңесінің ауқымды жұмысы оқырман назарынан тыс қалып жатқандай көрінеді. Осынау...

Министр Мырзағалиев су тапшылығы мәселесін қалай шешпекші?

Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаев еліміздегі су ресурстарына байланысты мәселе көтерген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Қазақстанда су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Мәмин...

Батырлар арамызда жүр

Алматы облысында адам өмірін құтқарып қалған полицей марапатталды ҚР Президентінің Жарлығымен полиция майоры Ербол Аманбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды «Қала мен Дала» Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік марапатты салтанатты түрде Ішкі істер министрі...

Жетісуда 105 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде

Қоғамдық келісім мен халықтың бірлігі еліміздің дамуының ең басты факторы болып табылады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпақ үшін осы мызғымас құндылықтардың сақталуына және нығаюына үлкен көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда Алматы облысында 105 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл –...

Ел сенімін ақтаған Ассамблея белсендісі

Күні кеше ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Закиржан Пірмухамедұлы Кузиев пен Майя Төлегенқызы Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалғанын естідік. Сөз жоқ, жауапты қоғамдық жұмысқа бел буып, білек сыбана кіріскен қос азаматты көпшілік қауым жақсы таниды. Әсіресе Жетісу...

Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелерін талқылады

Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында онлайн режимде Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиналыстың модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова болды. Кеңейтілген отырысқа аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудандық, қалалық,...
- Advertisement -

LATEST NEWS

MUST READ