АҚШ-та мына бір суреттегі «Честер» деп талатын үй тасбақасы 1960 жылы жоғалып кетіп, 1995 жылы көрші фазендадан табылған. Ол сонда 35 жылда небары 686 метр жерді жүріп өткен. Қожайыны тасбақаны үстіндегі ақ жолағынан таныған. Міне, жарықтық «Честер» ондаған жылда бір шақырым жер де жүрмеген.
Ал, 2011 жылы Нью- Йорк әуежайында ұшақ рейстері алты сағатқа дейін кешігуге мәжбүр болады. Өйткені, ұшу жолағына шығып кеткен жүз шақты тасбақаны әуежай әкімшілігі өздері өтіп кетеді ме деп күтеді. Алайда, олар ақыр аяғында шыдай алмай тасбақаны қолмен көшірген екен. Олай істемеген жағдайда жүз тасбақа әуежай жолынан өтіп кеткенше бірнеше күн керек еді…