Жерорта теңізінің астынан табылған көне Гераклион қаланы тыңғылықты зерттеу жұмыстары 2000 жылдары басталған болатын. Себебі, оны сол жылы алғаш рет француз археологтары тапқан еді.

Ғалымдар Гераклион 3 және 8- ші ғасырлардағы ірі қала болған деп болжам жасауда. Алайда, ол осыдан 1200 жыл бұрын түгелімен су астына кеткен.

Су астындағы қаладан табылған кейбір жәдігерлердің жақсы сақталған. 12 ғасыр бойы су түбінде жатса да қатты бүліне қоймаған.

Біздің заманмызға дейінгі І ғасырда алпат жер сілкінісі орын алып, су жағасында тұрған қала су астына кетеді. Су астындағы қала Мысырдың Александрия жағалауындағы Абукир деген шығанақта он метр тереңдікте жатыр.

Гераклион қаласы жайында көне грек жазбаларынан бірқатар деректер келтіруге болады. Айталық, грек тарихшысы Диодор Зевстің ұлы алапат күш иесі Геракл Ніл өзенін бөгеп, өзен жағасында мекендейтін халықты су тасқынанына қорғаған. Бұдан кейін халық алғыс ретінде үлкен харм тұрғызып, өздері салған қаланы Гераклдің құрметіне Гераклион деп атағаны жайында жазады.

Қала үлкен тастармен қоршалған. Ғалымдар су астында археологиялық жұмыстарын жүргізіп, үш үлкен гранит мүсінді тапқан. Екі мүсінде фарон мен оның жұбай бейнеленген. Ал үшінші мүсінде Ніл өзенінің Құдайы Хапи бейнеленген. Ғалымдар су асытндағы көне қаладан табылған жәдігерлерді зерттей келе олардың бәрі біздің заманымызға дейінгі І ғасырға жататынын анықтаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here