1980 жылдан бастап «Ай елшілігі» мекемесі айдағы учаскелерді барынша сата бастады. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін ай бетінің 7%-ы сатылып кеткен. Жер серігіндегі 40 гектар жердің құны – 150 доллар тұрады.

Айдан жер сатып алушылардың көбісі, АҚШ, Еуропа, Қытай мен Жапония азаматтары екен. Айдан жер алған адам аталған соманы төлеп, америкалық спутник арқылы жасалған ай учаскесінің суреті мен меншік сертификатын алып, оны толық иемдене алады. Кейін, олар алған учаскеден қандайда бір химиялық элемент шықса оның жердегі қожайыны қызығын көреді.

Мекеме айдың жерден қарағанда көрінетін бөлігін сатады. Сондай- ақ, бұл серіктестік қазір Марстан да жер сатуды бастап кетті.

Бұл компанияны Деннис Хоуп есімді Американдық құрып, ай бетіндегі жерлердің анықтамалық базасын жасады. Жердегі кадастрлық нөмірлер секілді. Міне, қазір ақшаң болса, айдан немесе марстан да жер алуға болады. Алайда, жер алып жатқан бизнесмендердің болашақта ол жақта не соғатындығы жөнінде нақты ақпарат жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here