Достық үйінің конференц-залында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі өтті. Жиынның модераторы – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай болды.

Кеңеске онлайн режимінде Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев қосылып сөз сөйледі.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды, атап айтқанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болуына бірауыздан дауыс берді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың этносаралық процестерді басқарудың өңірлік жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес осы салада белгілі реформа жүргізілуде. Ел Президенті ішкі саясаттың барлық мәселелері (идеология, қоғамдық даму және этносаралық қатынастар, дін, ҮЕҰ, ақпараттық жұмыс, мәдениет, спорт, білім беру) өңірлік әкімдерінің орынбасарларына бекітілуі тиіс деп тапсырма берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жылдар ішінде үлкен топтастырушы және зияткерлік әлеуетті жинақтап, халықтық дипломатия институтына айналып, дамудың ұзақ жолынан өтті. Еліміздің жүзден астам этнос өкілдерін біріктіретін бұл бірегей институт республиканың тұрақтылығы мен үдемелі дамуында үлкен рөл атқаруда. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің басты жетістіктері Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этнос өкілдерінің бірлігі, достығы мен ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды» деп өз ойын ортаға салған болатын.

Екінші мәселе, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық ішкі саясат басқармасына өтетінін мәлімдеді. Үшінші мәселе қоғамдық «Келісім кеңесі», «Аналар кеңесі», этномәдени орталықтырдың жыл бойындағы белсенділік танытқаны үшін мемлекеттік марапаттауға үміткерлерді ұсынып, бірауыздан қолдады. Кеңестің күн тәртібіне шығарылған барлық қоғамдық келісімді нығайту туралы айтылды. Өз кезегінде Ғабит Тұрсынбай:

– Біздің мақсатымыз қоғамдағы келісімді нығайту мақсатында еңбек ету. Біздің этномәдени бірлестік төрағалары көптеген шараларға белсене қатысады. Сондай-ақ біздің өңірде түрлі этностардың жұмыстарын, салт-дәстүрін насихаттау жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта «Қоғамдық келісім» мекемесі ауқымды жұмыстар жүргізуде. Барша жетісулықтар «Қайырымдылық керуені» сынды ауқымды акцияларға белсене қатысты. Себебі игі істер арқылы біз қоғамға өз пайдамызды тигіземіз. Сонымен қатар  біз жастарға әрдайым қолдау көрсетіп келеміз. Қазіргі таңда жастар этносаралық толеранттылықты сақтауда қыруар жұмыстар атқаруда. Тек өз күшімізді сақтау арқылы, біз бейбітшілік пен бірлікті сақтай аламыз, – деді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айқындалған қоғам бірлігін сақтауға, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу принциптері Ассамблеяның алға қойған мақсаттарымен ұштасатыны белгілі. Жетісулық Ассамблея белсенділері осы мәселеге баса мән берді.

Жиында ғылыми-сарапшылық орта қоғамдағы үдерістерді терең талдауы, жаңа үрдістерді, қауіптер мен сын-қатерлерді анықтап, нақты уақыт режимінде практикалық ұсыныстарды әзірлеу керек екені айтылды.

Қазіргі таңда Ассамблея уақыт талабына сай жұмыс жүргізуі тиіс. Бұл ретте ғылыми-сараптамалық кеңестің басты міндеті – жұмысты тың әдіс-амалдарды қолдану арқылы жүргізуі тиіс. Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері қоғамдағы процестерді терең талдау үшін жаңа трендтерді, тегеуріндер мен қауіптерді айқындаудың маңызы зор. Сонымен қатар ғалымдар мен сарапшылар әлеуметтік-саяси алаң құруы керек.

Бүгінде ресми баспасөз беттерінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілерде де нақты әрі ұғынықты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақстандағы заманауи этносаралық жағдай ел өңірлерінде ауқымды жұмыс жасап, өңірлік сарапшылар қауымдастығын нығайтуды талап етуде. Бұл ретте нақты жер-жерлердегі жағдайларды білудің маңызы зор. Сонымен қатар этносаралық ахуалды зерттеудің сандық әдістері сапалы талдау әдістерімен толықтырылуы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here