үй Нысана бет 15

Нысана

Төле би ауданындағы Зақамбар ауылына ауызсу тартылуда

Түркістан облысының Төле би ауданына ауызсу тартылып жатыр. Енді мыңнан аса түтіні бар Зақамбар ауылының тұрғындары тіршілік нәрінен тарықпайтын болады. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған су құбыры әбден тозып, ауыл ауызсусыз қалған еді. Төле би ауданына қарасты Зақамбар ауылында...

Қонаев

Дінмұхамед Қонаевтың (таныстырып жатудың қажеті шамалы шығар) өмірден өткенінен өткен айда 25 жыл толды. Ол туралы көп жазылды. Көп айтылды. Кейбір дүниені қайталауға тура келгенмен, құндылығын жоғалтпағанын білеміз. Қонаевтанушы қаламгер Ораз Қауғабайдың Димекең туралы жазған мақаласын назарға ұсынған түріміз...

Әзірбайжанның Еңбек министрі Қазақстанның тәжірибесіне қызықты

Ауғанстан әйелдер мәселесіне арналған аймақтық конференция шеңберінде Қазақстан мен Әзірбайжанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері Мәдина Әбілқасымова мен Сахил Бабаевтың екі жақты кездесуі өтті. Кездесу барысында министрлер жұмысқа орналасу, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді оңалту және басқа да мәселелер бойынша өзара...

Біртанов біраз жайтты ашып айтты

Күні кеше ғана Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистердің басын қосып, баспасөз мәслихатын өткізді. Өз кезегінде министр журналистердің сұрақтарына жауап беріп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жайында егжей-тегжейлі айтып берді.   Маман тапшылығы қысқарып, айлық...

Сағынтаев: «Медициналық көмек сапасын әлі де болса арттыру керек»

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев медициналық көмек сапасын әлі де болса көтеру қажеттігін айтты. Премьер-Министр бүгінде қыруар жұмыстар жасалып жатқанына қарамастан, медицина саласында әлі де кемшін тұстардың бар екенін атап өтті. Әсіресе ауылды жерлердің халқы сапалы медициналық қызметке жеткілікті түрде қол...

Түркістанда ТҮРКСОИ 25 жылдық шарасы өтті

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында ТҮРКСОИ ұйымының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қатысушылар әуелі мерейтойға арналған көрмені тамашалады. Халықаралық ұйым жайлы арнайы бейнефильм көрсетілді. Басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиылған қауымды Халықаралық...

Назарбаев: «Байлығымыз кейінгі ұрпаққа да жетеді»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жұмысына оң баға берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. – Нұрлан Ноғаевтың жасап жатқан жұмысына оң баға беремін. Ол басқаратын әкімшіліктердің барлығы да қолынан келгенше шаруаны жасап жатыр. Қолдаңдар барлықтарың,...

«Яссы» құс фермасы бір жылда 3,5 млн жұмыртқа өндірді

Түркістан қаласындағы жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан «Яссы» құс фермасы екінші кезеңін іске қосты. Онда бельгиялық «Вали» фирмасының құрал-жабдықтары орнатылған. Бұдан бөлек, фермаға 30 мың дана голландиялық «Декалб» тұқымды шөжек әкелінді. 2016 жылы италиялық «Факко» фирмасының құрал-жабдықтарымен бірінші...

Серпін немесе Түркістан өлкесінің экономикалық әлеуеті

Әлеуметтік-экономикалық даму факторлары, аймақтық демографияның оң қарқыны, өңірдің географиялық жағдайы, транзиттік әлеуеті оңтүстік өңірдің даму траекториясын қайта қарауына әкелуі сөзсіз болатын. Бұл заман талабы, өмір ағысы еді. Мәселен, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы облыс орталығы ретіндегі өз миссиясын...

Ө. Шөкеев: «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға аудан әкімдері жауапты»

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Ордабасы ауданындағы «KazKioti» трактор зауытында болды. Оңтүстік Корея инженерлерінің үлгісі бойынша трактор құрастырылатын зауыттың өніміне сұраныс жоғары. Қазір осы кәсіпорыннан трактор алатын шаруаларға...