Иә, биыл Ұлттық біріңғай тестілеуге өзгерістер енді. Білім министрлігі біраз жыл бойы талқыдан түспей келе жатқан тақырыпты ақырына назарына алып, тестілеудің жаңа талаптармен толықтырған түрі бар.

Атап айтар болсақ, биылдан бастап гранттар белгілі бір мамандық бойынша емес, білім бағдарламасының топтары бойынша үлестіріледі. Ал ҰБТ өзінің бұдан былай жылына 4 рет өткізілетін болады.

 

Ендігі жерде бұл өзгерістердің неге, не себепті қолға алынғанын тарқатып айтып өтелік. Ілгеріде бұдан былай білім гранттары мамандық бойынша емес, білім бағдарламасының топтары бойынша тағайындалатынын тілге тиек еткенбіз.

Білім министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бұл өзгеріс өз кезегінде ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту мақсатында қолға алынып отыр екен.
Бұдан бөлек биылдан бастап мамандарды әзірлеу бағыттарының жаңа, заманауи классификаторлары да енгізіліп отыр.

Бұл талаптың мазмұны мен мақсатын жете түсінбегендіктен, Білім министрлігіне сауал жолдаған екен.

«Биылғы жылдан бастап жаңа классификаторда белгілі бір мамандықтар тізімі емес, мамандарды әзірлеу бағыты көрсетілетін болады. Бұл өз кезегінде еліміздегі ЖОО-ларға өздерінің тәуелсіз білім беру бағдарламаларын жасауға жол ашады. Осы себепті де 2019 жылы гранттар білім бағдарламаларының топтары бойынша бөлінеді», – деген жауап алдық.

Былайша айтқанда, бұдан былай «Математика пәні ұстаздарын әзірлеу» тобына осы «математикаға» қосарланып «математика және информатика», «математика және физика» мамандардықтары да бірге енетін болады.

Білім гранттары бір кездегідей мамандық бойынша емес, білім бағдарламасының топтары бойынша үлестіріледі дегеніміз осы.

Білім министрлінің хабарлауынша жаңа талаптың негізінде грант иегері атанған түлек университетке өзі қалаған білім бағдарламасы бойына тіркеліп, кейіннен ЖОО-ға құжат тапсыру кезінде таңдаған мамандығы бойынша білім алатын болады.

Ал енді ҰТБ-ға келелік. Жалпы алғанда Ұлттық біріңғай тестілеудің құрылымы, форматы өзгерген жоқ.

Тестілеу бәз баяғыдай 3 міндетті пән (бұлар: Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылық және де оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша жүргізіледі.

Тек биылғы жылдан бастап Ұлттық тестілеу 4 рет – қаңтар, наурыз, маусым және де тамыз айында өткізілетін болады.

Білім министрі Ерлан Сағадиев бұған қатысты былай деп түсініктеме берген:

«Бұл арада бір нюанс бар. Баласы биыл мектеп бітіретін ата-аналардың қаперінде жүрсін.

Қаңтарда, наурызда, тамыз айында Ұлттық тест тапсырғанда университеттің тек ақылы бөліміне ғана оқуға түсе алады. Ал егер мемлекеттік грантты жеңіп аларына сенімді болса, ендеше міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуы керек».

Ал ақылы бөлімге түсетіндер үшін талап жеңіл. Осыдан былай жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның қалағанына қатысып, шекті балл (50 балл) жинаса жетіп жатыр.  Тек тестілеу өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беріп үлгерсе болғаны.

 

АЛҒАШҚЫ АҚЫЛЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

Өткен айда ақылы Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқысы өткізілді. Оның қорытындысы қандай?

Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша қаңтардағы ҰБТ-ға 34 мың оқушы қатысып, бұлардың 24 мыңы (69 пайызы) шектік ұпайдан артық балл жинаған екен.

Ал 10 мыңнан аса үміткер осы шектік межеге жете алмай, құлаған.

ҰБТ тапсырғандардың 25 мыңы мемлекеттік тілде білім беретін мектепте оқиды. 10 мыңнан аса оқушы ресми тілде тестілеуден өткен. Тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғандардың саны 60-тан аспайды.

Бұдан бөлек сал ауруына шалдыққан 9 оқушы өз тестілеуде өз білімдерін тексеріп көрген.
Ақылы тестілеудің талапкердердің көпшілігі «Математика – физика» пәндерін таңдаған екен. Аталған пәндер бойынша сынақтан өткен оқушылардың саны 8 мыңнан асып жығылыпты.

6 мың талапкер «Химия және биология» пәндері бойынша бақ сынаған.

Сарапшылардың сөзінше бұл жақсы үрдіс. Кейінгі ұрпақтың гуманитарлық салаларға деген қызығушылығы азайып, технократтық елге айналуға мүмкіндік беретін бағыттарды таңдауы ел экономикасына да айтарлықтай ықпалын тигізері сөзсіз.

Ұлттық тестілеу орталығының төрағасы Әлімқұловтың айтуынша «Алтын белгі» алғандарға биыл да басымдық беріледі. Ұпай саны тең болған жағдайда, «Алтын белгі» иегері алға озып шығады.

Биылғы жылғы тағы бір жаңалық егер түлектер өзінің осы жолғы тестілеуге қатыса алмайтынын дәлелдер болса, ендеше келесі тестілеуге қатыса алады.

Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар көмектеседі. Түлектен өз кезегінде Ұлттық тестілеуден неше балл алғанын Ұлттық тестілеу орталығына сайтына кіріп немесе хабарласып біле алады. Тапсырған адамның жеке коды мен ЖСН нөмірін енгізсе, экранға ұпай саны шыға келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here