Британиялық сарапшылар Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанның аймақтық жəне қалалық инфрақұрылымының дамуы мəселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

Ұлыбританияның Қорғаныс бойынша біріккен зерттеулер корольдік институтының сарапшысы Рафаэлло Пантуччи еліміздің аумақтық дамуына жаңа тəсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет деген пікірмен келіседі.

Ол «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бері 2400 шақырым автомобиль жолы салынып, қайта жөнделгендігін жəне бұл жұмыстардың жалғасатындығын, ал 2020 жылға дейін қосымша 4600 шақырым жол пайдалануға берілетіндігін оң өзгерістер деп бағалайды.

Сарапшы мұның бəрі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, табыстарының тұрақты түрде өсуіне себепші болады деген сенімде.

Рафаэлло Пантуччи, Қорғаныс бойынша біріккен зерттеулер корольдік институтының сарапшысы:

– Кез келген мемлекет экономикасы мықты болуы үшін инфрақұрылым қажет етеді. Орталық Азияда, нақтылап айтқанда Қазақстанда біз нені көріп отырмыз? Сіздердің елдеріңіз бойынша жаңа жібек жолы өтіп жатыр.

Қазақстан бүгінде Қытай, Ресей жəне басқа да мемлекеттерді байланыстырып отыр. Ең маңыздысы, бұл байланыс Қазақстан халқына пайда əкелу үстінде. Ірі кəсіпорындар, шағын жəне орта бизнес бұның рақатын көретін болады. Жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here