Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар тіркелген жоқ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Соңғы күндері күнделікті ақпараттарды беріп жатырмыз. Сонымен қатар арнайы Денсаулық сақтау министрлігі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында және телеграмм каналында бүкіл ақпарат беріліп жатыр», – деді Елжан Біртанов.

Соған қарамастан халықтың арасында, әлеуметтік желілерде түрлі-түрлі ақпарттар тарап жатқанын айтып өтті.

«Мысалы, бүгін Whats app желісі арқылы Нұр-Сұлтанда 2 кісі қайтыс болды деген ақпарат тарады. Қытайдың азаматтары қайтыс болды немесе кеше Алматыда көп қытайлықтар емделіп жатыр деген сияқты басқа да жалған ақпараттар тарап жатыр», – деді министр.

Еліміздің барлық азаматын түрлі аурулар мен инфекциялардан қорғау, сонымен қатар толық, ашық ақпарат беру негізгі міндеттері екенін айтып өтті.

«Фейк ақпараттарға сенбеңіздер. Күндіз-түні телефонға түрлі ақпарат келеді, оған сенбеңіздер. Нақты ақпарат қажет болса, біздің арнайы телефондарымыз бар немесе 1406 нөміріне телефон соғып, толық ақпарат алуға болады», – деді ол.

Жалпы, Қытайда 80 мыңнан астам науқас тіркеліп, ауруханадан 52 мыңнан астам адам, яғни науқастардың 65 пайызы емделіп шыққанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here