Тоқаев жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы бойынша тапсырма берді

0
504

Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың есебін тыңдады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы жартыжылдықтағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді. Министр Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жыл басынан бергі өсім көрсеткіші 5,6 пайызға, соның ішінде фармацевтика 31 пайызға, машина жасау саласы 22 пайызға, химия 2,8 пайызға және металлургия 0,8 пайызға артқан. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қасымша 126-дан астам жоба іске қосылады. Бұл жобаларға 1,1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынған.

Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұзындығы 2,2 мың шақырым автомобиль жолдары пайдалануға берілгені жөнінде баяндалды. Транзиттік жүк тасымалы артып келеді, соның ішінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 59 пайызға өскен. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бүгінде 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 17 миллион шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырма берді. Мемлекет басшысы жергілікті қатынас жолдарын дамыту және қайта жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын маңызды міндеттер ретінде атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here