«QS World University Rankingby Subject  2019» пәндік рейтингі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып «Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемдегі ең үздік 51-100 топқа кіріп, бірден 50 сатыға көтерілді. Жалпы, аталмыш рейтингіге жетекші қазақстандық университеттің алты мамандығы енген.

ҚазҰУ QS «WUR bySubjec t2019» былтырғы жылғы көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Алғаш рет рейтингтің 201-250 тобына «Лингвистика» мамандығы, ал 251-300 тобына «Құқық тану» және «Ағылшын тілі және әдебиет» кірді. Сонымен бірге «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандығы 339-ыншы, ал «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» 364-інші орынды иеленді.

Рейтингтің әдістемесі: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалалар бойынша келтірілген дәйексөздер саны және Хирша индексі сияқты төрт индикатор негізінде құрылған. QS «WUR by Subject 2019» 83 мыңнан астам оқытушылар мен 42 мың жұмыс берушілердің пікірлерін, сондай-ақ  «Elsevier Scopus» дерекқорынан алынған деректерді ескере отырып құрастырылған.

Бұл рейтингіде әлемнің 1200-ден астам  жоғары оқу орны «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Өмір туралы ғылым және медицина», «Техникалық ғылымдар және инженерлік іс» сияқты бес пәндік салада бағаланған.

Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын ұстана отырып, әлемдік рейтингілерде табысты ілгерілеуде. 2018 жылы QS ғаламдық рейтингінің қорытындысында қазақстандық жетекші университет 220 орынды иеленді. Бұл топқа ТМД елдерінен тек екі университет – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here