Білетін боларсыздар, былтырғы жылдың мамыр айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген болатын.

Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан көрсетілетін міндеттің нақты шекарасы айқындалған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа үлгісі де әзірленген еді.

Бұл ретте біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кімдерге берілетінін білу үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» сауал жолдаған едік.

Қор мамандары берген мәліметке қарағанда, тегін медициналық көмек көрсетудің ең төменгі көлемі еліміздегі барлық азаматтарға,  соның ішінде атамекеніне оралған қандастарға, осы күнге дейін Қазақстанда тұрақты тұрып келе жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі екен.

Нақтылап айтар болсақ, осынау көмектің шеңберіне – жедел жәрдем және де санитарлық авиация, шұғыл түрдегі стационарлық көмек, паллиативтік көмек, сонымен қатар әлеуметтік маңызды, созылмалы аурулар, консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық емдеу, жоспарланған стационарлық медициналық көмек, туберкулезге қарсы медициналық оңалту жұмыстары кіреді.

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жобаның заманауи бағыттағы жаңа үлгі екенін тілге тиек еткен.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар салу денсаулық сақтау саласындағы қаржылық әлеуетті арттырып қана қоймай, медициналық көмектің деңгейінін көтеретінін де айтып өткен еді министр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру жұрттың медициналық қызмет түрлеріне жұмсайтын шығындарын әжептәуір төмендетіп, бұдан бөлек дәрігерлердің артық жүктемелерін азайтуға жол ашады», – деген болатын Біртанов мырза.

Бұдан туындайтын сауал, сөз бен іс сай ма? Айталық, былтырғы жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қанша жарна аударылды?

Дерек пен дәйек

Медициналық сақтандыру қорының мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап өткен жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жалпы саны 6,5 млн адамға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер 133 млрд теңге аударым жасапты.

Бұл арада Қордың жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерді екі бөлек алып қарастыруы бекер емес.

Аталған соманың 124,3 млрд теңгесі (шамамен алғанда 93 пайызға жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары, ал қалған 8,7 млрд теңге (6,5 пайызға жуығы)  жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың қарамағында еңбек ететін қауымға тиесілі екен.

Осыдан-ақ міндетті сақтандыру қорына жарна төлеу мәселесі жолға қойылғанын аңғаруға болады.

Өткен жылдың бір ғана желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түскен.

Жарна төлеу жағынан көш басында тұрған өңірлердің тізімі де түзіліпті. Атап айтқанда, өңірлер арасында Қорға аударып жасау жағынан Алматы мен Астана қалалары алда тұр. Бұдан кейінгі орында Қарағанды облысы келеді.

Айта кетелік, Қорға келіп түскен қаржы қатаң бақылауда. Жинақталған ақша Ұлттық банкте сақталады.

Сөз соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы аздаған ақпарат бере кеткен артық болмас. Қор – былтырғы жылдың қаңтарынан бастап медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің операторы. Ілгеріде айтқан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін төлеуді Қор өткен жылдың басынан бастап жүзеге асыруда.

 

 

 

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз кезегінде келер жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу бағытында ел көлемінде ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өткен тұғын.

«Сол уақытқа дейін ел-жұртты заманауи әрі сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасайтын тиісті инфрақұрылым дайындауымыз қажет» деген болатын ведомство басшысы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар салу денсаулық сақтау саласындағы қаржылық әлеуетті арттырып қана қоймай, медициналық көмектің деңгейін көтеретінін де айтып өткен еді министр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру жұрттың медициналық қызмет түрлеріне жұмсайтын шығындарын әжептәуір төмендетіп, бұдан бөлек дәрігерлердің артық жүктемелерін азайтуға жол ашады», – деген болатын Біртанов мырза.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here