Түркістанда 31 мың жұмыс орны ашылды

0
2258

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 69 мың 682 адам қамтылып, жылдық жоспар 10,1 пайызға артты.

Сондай-ақ өткен жылы өңірде нақты 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.

«Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылғаннан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының 5 904 маманына 754,7 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және 1 944 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін  5 млрд 144 млн теңге көлемінде бюджеттік кредит бағытталған», – деді Арман Сәбитұлы.

Жалпы, жоба аясында  2018 жылы әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласының 913 маманына 153,7 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы ұсынылған. Сондай-ақ 312 маманға  1млрд 129 млн теңге бюджеттік кредит ұсыну жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 млрд 128,8 млн теңге сомасында бюджеттік кредит бағытталып, 316 маман баспаналы болды.

Сондай-ақ, Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі – 453,8 млрд. теңгені құрады.

Ал өңірдегі өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі – 236,9 млрд.теңгені құрап, өсім – 100,7 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 544,3 млрд. теңгені құрап, 2017  жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға артқан. Атап айтқанда, мал шаруашылығында ет өндірісі – 4,8 %, сүт – 2,8 %, жұмыртқа – 8,1 пайызға артты, – деді Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар Түркістан облысында 288,1 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім көрсеткіші – 101,2 %.  Бұдан өзге, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі – 139,1 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 387,8 мың шаршы метрге жетіп, 2017 жылға қарағанда 21,7 пайызға артқан. Тиісінше, бұл салада облыстың республикадағы үлесі 3,1 пайызға жетіп, 3-орынды иеленіп отыр.

Облыс бойынша бюджеттің жалпы көлемі 562,1 млрд теңге. Оның ішінде даму бюджеті  80,8 млрд теңге болса,  ал жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі  100,9 млрд теңге.

Бүгінгі таңда облыстың республикалық бюджетке тәуелділігін төмендету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы бюджеттің жалпы көлемінде өзіндік кірістердің үлесі 17,1 пайызға артып, 7 млрд теңгеге өсті. Бюджеттің шығыстар бөлігінде ағымдағы шығындар 467,7 млрд теңгені құраса, ал даму бюджетінің шығындары 94 млрд теңгеге жетті. Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 341,2 млрд теңгені құрап, үлесі 60,7 пайыз болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here