Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы биыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 135 жылдығына, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи-танымдық кеш өткізеді.
Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда тарихи тұлғалардың есімін, еңбегін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақты ұлтын сүюге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту, «Астананың 20 жылдығы» аясында қала жастарының білімін шыңдауды көздеді.
Айтулы кешке ф.ғ.к., шәкәрімтанушы Омар Жәлелұлы, айтыскер ақын Дидар Қамиев, қоғам қайраткері Берік Әбдіғали, әміретанушы ғалым Жарқын Шәкәрім, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали құрметті қонақ ретінде шақырылған. Кеште Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық Қазақ музыкалық драма театрының әртістері өнер көрсетеді.