ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясы мен  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы тұжырымдамаларының жобаларын әзірледі.

Тұжырымдама жобаларды жария талқылау және мемлекеттік органдармен, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен келісу барысында 500-ден аса, оның ішінде олар бейнеленген әлеуметтік желілерден де ұсыныстар келіп түскен.

Заңнаманы жетілдіруде қоғамдық денсаулық сақтау бағыттары бойынша біраз ұсынстар түскен. Атап айтқанда, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыс берушілердің жұмыскерлердің денсаулығын сақтаудағы міндеттері, профилактикалық егулер жүргізуге қатысты маңызды мәселелер қамтылған.

Осы ретте фармацевтикалық қызмет бойынша дәрілік заттарды сату, айналымы, жарнамасы және этикалық қозғалысы, сондай-ақ дәрі-дәрмектің бағаларын мемлекеттік реттеу, ойындарға патологиялық әуестенуден туындаған тәуелділіктер профилактикасы, денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және қолдау шаралары, медициналық көмек көрсету тәртібі, тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктері) транспланттау тәртібі, мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімдері талқыға анағұрлым көп түскенін атап өту қажет.

2018 жылғы 12 қазанда көрсетілген тұжырымдамалар Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды.

Қазіргі кезде мақұлданған тұжырымдамаларды ескеріп, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жаңа редакциясының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары әзірленуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясын талқылау шеңберінде жобаның mz.gov.kz сайтына орналастырылғанын және кері байланыста болу үшін Kodeks_zdorovya_RK@mail.kz электрондық мекенжайы көрсетілгенін, оның ішінде Фейсбук әлеуметтік желісінде Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау кодексі парақшасы құрылған болатын.

 

ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here