Ақтөбе қаласында  көші-қон қызметтерінің орталығы ашылды. Енді көші-қон орталығы арқылы еңбек мигранттарына қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «Бір терезе» қағидаты бойынша алуларына мүмкіндік туып отыр.

Жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік корпорацияның фронт-офисі орналасса, екінші қабатында аталмыш көші-қон орталығы жұмыс істейді. Орталық жалпы саны 13 жұмыс орнымен жабдықталған.

Орталықтың басты міндеті көші-қон саласындағы қызметтерді алуды барынша жеңілдету болып табылады. Бұрын мигранттарға еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын беру мен оны ұзарту үшін 3-5 күндей уақыт кететін-ді. Енді бұл жұмысты көші-қон орталығы арқылы 2 сағат ішінде шешуге болады.

Орталықтың тағы бір тиімділігін, бұрын аталмыш қызмет түрін алу үшін еңбек мигранттары медициналық қараудан, дактилоскопиядан өтуді, сақтандыру полистерін рәсімдеу мен жеке сәйкестендіру нөмірлерін алуда әртүлі мекемелерге жүгінетін. Қазір бұл қызметтерді де бір ғана көші-қон орталығы көрсете алады.

Жылдан-жылға артып келе жатқан бұл қызмет түрі 2017 жылдың тоғыз айы ішінде облыс бойынша 9 мыңнан асса, ағымдағы жылдың дәл осы кезеңінде бұл көсеткіш 11 мыңнан асып отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here