Халықта «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген даналық бар. Сондықтан да Елбасының қатысуымен өтіп, Президент Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасы ұсынылған «Нұр Отан» партиясының кезекті 16 съезі қазіргі әлемдік ахуалдың күрделі жағдайларын талқылауға арналады десе де болады.

Ұсынылған реформалар да ілгері жылжудың өзегі. Ал бұл реформаларға келсек: біріншіден, экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Алайда осы бағытта әлі де болса олқылықтар баршылық.

Екінші реформа – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы арқылы меншік құқығына кепілдік беру, соттардың тәуелсіздігі арқылы экономиканың дамуына ықпал ететін меншік иесі құқығы сақталады, кәсіпкерлік үшін жағдай жасалып, келісім міндеттерін қорғауға кепілдік беріледі. Бұл ретте Елбасы судьяларды таңдау, оларға қойылатын кәсіби біліктілік талаптары – сот жүйесінің әлсіз тұстары екендігін атап өтті.

Үшінші бағыттағы реформа – экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім. Бұған қатысты Президент индустрияландыру мен өңдеуші сектордың әлі күнге экономикалық өсімнің нағыз драйверлеріне айналмай отырғанын алға тартып, мұның байыбына терең баруды Үкіметке ескертті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауда олқылықтар орын алып отырғанын тілге тиек етті.

Төртінші реформа – бірыңғай болашақ ұлтын қалыптастыру. Бұл жолда Қазақстанның қалыптасқан өзіндік үлгісі де баршылық. Бірқатар ұлт өкілдері Қазақстанның ортақ шаңырағы астында басқосып, бүкіл әлем үшін ынтымақ пен берекенің үлгісіне айналды. Елбасы қазақстандық бірыңғайлылықты ары қарай нығайту туралы айтқанда, бұны азаматтық қағидатқа негіздеудің қажеттілігін алға тартты.

Бесінші реформа – транспарентті және есепті мемлекет. Тұтастай алғанда Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа ел бірлігін бекемдеп, тұрақтылықты нығыздай түспек. Өйткені әлемнің барлық табысты деген мемлекеттерінің өзі осындай жолдарды еңсеріп өткен. Мұндай реформаның әрқайсысы еліміз үшін орасан зор тәуекел.

 

А.Махамбетов, Алатау аудандық әділет басқармасының басшысы 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here