Депутат Дариға Назарбаева шетелден инвестиция тарту мәселесін сөз етті.

Оның айтуында, өткен жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 30 пайызға төмендеген.

“Індет пен соның кесірінен туындаған дағдарыс мемлекеттер арасындағы инвестиция тарту бәсекесін күшейте түсті. Инвестор тартуда елдегі инвестициялық ахуал маңызды рөл атқарады. Сыртқы істер министрінің мәліметінде, былтыр ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 30 пайызға төмендеген”, – деді Назарбаева Премьер Маминге жолдаған сауалында.

Депутат инвестклиматты жақсарту үшін 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия әзірленгенін Мамин Үкіметінің есіне салды.

Үкімет инвестициялық жағдайды түзеуде қол қусырып отырған жоқ. Әйтсе де, инвестициялық климатты жақсарту мәселесі актуалды болып қала бермек, деп атап өтті депутат.

Осыған орай Назарбаева Маминнен ілгерідегі стратегия қалай жүзеге асып жатқанын, соңғы екі жылдың нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді ме, жоқ па, соны егжей-тегжейлі түсіндіріп беруді сұрады.

“Стратегия жаңа инвестиция тарту үшін ең тиімді болып табылатын “перспективалы салаларды” анықтайды. Атап айтқанда АКТ, туризм және қаржы.

Елдің осы салалардағы бәсекелестік позициялары күшейтілді ме,  стратегияны іске асыру жылдарында қандай негізгі инвестициялық жобаларға бастамашылық етілді?

Осы есепті жылдары елдегі қазіргі инвесторларды ұстап қалу және қайта инвестициялауды ынталандыру үшін қандай нақты шаралар қабылданды?”, – деп сауал жолдады халық қалаулысы.

Сондай-ақ ол инвесторлардың шағымдары мен мәселелерін сәйкестендіру жүйесінің іске қосылып-қосылмағанын нақтылауды өтінді.

Бұдан бөлек, инвестициялық жобаларға, елдегі инвестициялық ахуалдың жай-күйіне жүйелі түрде талдау жүргізіліп жатыр ма деп сұрады Назарбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here