Биыл елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 14 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бағдарламаға қатысушылардың 50%-ын, яғни 244 адамды жұмысқа орналастыру ісі Халықты жұмыспен қамту орталығына жүктелген. Ал 239 адамды жұмыс  берушілер тарапынан жұмысқа жіберді.

Қазіргі таңда Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында 8 жоба бойынша  құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жобалардың шеңберінде 218 жұмыс орны құрылған. Жұмыссыз жүрген 113 азамат Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылса, 115-і жұмыс берушілер арқылы жұмысқа тұрған.

Бұдан басқа, елордада мақұлданған 14 жобаның төртеуін Нұр-Сұлтан қаласы Құрылыс басқармасы жүзеге асырып жатыр. Бұл жобалардың көмегімен 211 уақытша жұмыс орны құрылып, жалпы саны 216 адам жұмыс істеп жатыр.

Ал Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 2 жоба  бойынша әлеуметтік құрылыс нысанына жөндеу жүргізіп, 54 жұмыс орнын құрды.   

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыспен қамтудың «Жол картасы» шеңберінде шаhардағы инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіледі.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» жобасын жүзеге асыру үшін дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, кран машинисі, арматурашы, тас қалаушы, бетоншы, кәріз құбырларын жөндеуші, экскаваторшы, ауыр жүк көлігін жүргізуші, жол жөндеуші, көгалдандырушы жұмысшылар, монтаждаушы, электрик мамандықтары сұранысқа ие екенін айта кетуіміз керек.

Жұмысшылардың орташа жалақысы 85 000 теңгеден 250 000 теңге аралығында төленеді. Берілетін жалақы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты белгіленеді. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» жобасының іске асырылуын бақылау бойынша мониторингтік топ құрылған. Тексеруші  топ құрамына мәслихат депутаты, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және  «Nur Otan» партиясы филиалының өкілдерінен еніп отыр. Таяуда бақылаушылар тобы Нұр-Сұлтан қаласындағы №23 орта мектебіне 600 орындық жапсаржай салу жобасын аралады.

Аталған мектепте жөндеу жүргізіп жатқан «БазисДорСтрой» ЖШС   басшылығымен жұмысшылардың еңбек жағдайы, жалақыны уақтылы төлеу, міндетті әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар №23 мектеп директорымен жоба аяқталғаннан кейін 70 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру туралы айтылды.

Осы жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 21 адам жұмысқа тартылған.  Олар – инженер-сметашы, кран машинисі, кафель төсеуші, қарапайым жұмысшы және учаске прорабы. Жоспар 100% қамтылды.

Сондай-ақ  мониторингтік топ Майқайың және А351 көшелерінің қиылысына жүргізіліп жатқан №92 мектеп салу жобасын аралады.

Бұл жолы тексеруші «ASTI» ЖШС басшылығымен жұмысшылардың еңбек жағдайы, еңбекақының уақтылы төленуі, міндетті әлеуметтік төлемдердің есептелуі туралы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар №92 мектеп директорымен жоба аяқталғаннан кейін 91 жаңа тұрақты жұмыс орынын құру туралы сөз етті.

Осы жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 136 адам жұмыспен қамтылған (олар – өндірістік-техникалық бөлім инженері, дәнекерлеуші, монтаждаушы, электрик, жұмысшы және учаске прорабы).

Жұмыс 2021 жылға арналған «Жұмыспен қамту жол картасы» объектілерінде мониторинг жүргізу бойынша бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.

2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы объектілерінде мониторинг жүргізу бойынша бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық объектілерде жұмысқа орналасуға тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

ЖҚЖК шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық объектілерді жүзеге асыру жобаларында жұмыс істеуге қызығығушылық танытушылар көп.  Елорданы салуға, жөндеуге, абаттандырып, көгалдандыруға белсенді қатысып, өз үлесін қосып жүрген азаматтардың бірі – Ерлан Аяғанов.

Ол  мамыр айында Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келіп, Жол картасы бойынша жұмыс тапты.  Қазір ол «ASTI» серіктестігінің 1200 орындық мектеп салу  құрылысында дәнекерлеуші болып жұмыс істеп жүр. Бұл жерде жұмыс беруші қызметкерлердің тегін тамақ және жол жүру шығындарын өтеп береді.

ЖҚЖК аясында нысандарға жұмысқа орналасу үшін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жүгіну қажет.

Мекенжайы: Бейбітшілік 25, БО «Өркен»

Сall center: 8(7172) 57-87-00;8(7172) 57-88-88;8(7172) 72-93-62.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here