2-шілде – Құрбан айттың соңғы күні. Шектеу шараларына сәйкес мешіттер жабық болды. Алайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Qurban2020.muftyat.kz сайтын іске қосып, құрбандықты онлайн шалуға мүмкіндік жасады. Құрбандық қашықтықтан шалынды. Тапсырыс берушілерге есеп берілді.
Жобаны іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шығыс Қазақстан облысында 2071 отбасыға құрбандық малдың еті таратылғанын мәлім етті. Ет өнімдері қарттарға, жетімдерге, балалар үйі мен ауруханаларға үлестірілді. Барлық санитарлық талаптар сақталды. Көмек алған жандар алғыстарын білдірді.
Мешіттің бас имамы мен бірінші наиб имамы Дәулет қажы Тілеуханұлы жылы лебізін білдірді:
– Бүгін, 2-тамыз – Құрбан айттың соңғы күні. Волонтерлар мен ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша имамдары құрбандыққа шалынған мал еттерін таратты. Сондай-ақ қаладағы мұқтаж отбасыларға азық-түліктер берілді. Айта кететін бір жайт, жастар бұл игі іске бір кісідей атсалысты.
«Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында Qurban2020.kz сайтынан түскен өтініштерге байланысты Өскемен өңірі бойынша 1000-нан астам отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен осы акция ұйымдастырылды. Азық-түліктер тұрғындардың қолдауымен жиналды. Біз құрбандық шалған жандар мен қолдан келгенше көмек көрсеткен барша ағайынға алғыс айтамыз. Тәңірім, біздің дұғаларамыз бен құрбандықтарымызды қабыл етсін, – деді ҚМДБ-ның Өскемен өңірінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.