Өткен жылы елімізде «ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы» бектіліп, құқық қорғау органдары саласында қордаланған мәслелер оң шешімін таба бастаған болатын. Аталмыш құжатта құқық қорғау саласының жұмысын жандандыруға бағытталған шаралар 9 бағытқа жектелініп, кезең-кезеңімен іске аса бастады.

Үнемделген ақша әлеуметтік жағдайды жақсартуға жұмсалуда

Қазіргі таңда қоғамдық өмірімізде құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты көптеген сын-ескертпелер айтылатыны жастын емес. Сол себепті «ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасының» бектілуі дер кезінде қолға алынған шара деп білеміз. Бүгінде ҚР Ішкі істер министрлігі аталған құжатты басшылыққа алып, маңызды жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. 

Министрлік бірінше кезекте ұйымдастыру-штаттық құрылымды оңтайландыру ісіне талдау жасап, бас артық басшылық қызметтерді қысқартып, мемлекеттің 16 млрд теңгесін үнемдегенін атап айтуға болады. Осы оңтайландырудың арқасында елімізде 100 мың адамға шаққанда тәртіп сақшыларының саны 471-ден 393-ке адамға қысқарған. Бұдан басқа жол-патрулдік қызметін біріктіруде мемлекет қаржысын үнемдеуге септігін тигізгенін айта кетуіміз керек.  

Осыған дейін құқық қорғау саласы жалақысы аз салалардың бірі болғаны жасырын емес. «ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасында тәртіп сақшыларының айлығын көтеріп, оларды қажетті тұрғын үймен қамтамасыз ету және материалдық мүмкіндіктерін нығайту ісіне де айрықша көңіл бөлінген болатын. Ішкі істер саласының кадрлық жүйесін оңтайландыру кезінде үнемделген қаржы мен мемлекеттік бюджеттені бөлінген қаражаттың арқасныда полиция қызметкерлерінің айлығын көтерілді.

Айталық, патрулдік полиция 65%-ға, жедел іздестіру бөлімі қызметкерлері 55%-ға, құқық қорғау органдарына маман даяралайтын оқу орын қызметкерлерінің айлығы 25%-ға және қалған өзге де полиция қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өскенін айта кетуіміз керек.

Құқық қорғау органдарының жұмысын жандандырудың Жол картасында баспана жалдайтын ішкі істер саласы қызметкерлерінің қатары кеңейе түскен. Мәселен, қазір учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру бөлімі қызметкерлері, патрулдік полиция және кәмелеттік жасқа толмағандар ісімен айналысатын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне баспана жалдау үшін қосымша ақы төленеді. Осылайша «ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» тәртіп сақшыларының әлеуметтік жағдайының жақсаруына барынша ықпал еткенін байқаймыз.  

Маман дайындау ісіндегі өзгерістер

Өткен жылы қабылдаған құжатта құқық қорғау органдары саласына қажетті маман даярлайтын оқу орындары саласында айтарлықтай өзгеріс әкелген болатын.

Осыған дейін елімізде құқық қорғау органдарына қажетті маман дайындау ісімен 12 оқу орын айналысып келген еді. Оңтайландырудың нәтижесінде маман дайындайтын мекемелердің саны беске дейін қысқарған.

Осы ретте Нұр-Сұлтан, Алматы, Темірстау, Қостанай, Семей және Ақтаудағы оқу орындары қысқартылғанын айта кетуіміз керек. Енді болашақ полиция қызметкерлерін байырғыдан келе жатқан Ақтөбе заң инистуты, Шымкенттегі оқу орталығы мен Қарағандыдағы академия дайындалады.  

Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі маман дайындау ісі бойынша еліміздегі рейтингі жоғары 30 жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойып, келсімге келгенін айта кетуіміз керек.

Маман дайындау ісінде орын алған бұл бастамалар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдағы уақытта кәсіби біліктілігі жоғары, азматтық құқықтарды жетік меңгерген мамандармен толығуына жол ашады.

Бұл бағыттағы жұмыстардың жемісін алдағы 3-4 жылда көре бастайтын боламыз. Енді көлденеңнен келген көк аттылар полиция формасын кие алмайды.

Жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге қойылатын талап күшейіп, олардың кәсбіи біліктілігіне айрықша көңіл бөленеді. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің сапалы қызмет етуіне ықпал етері сөзсіз.

«Фронт-офистер» полиция мен халық арасын жақындатты

«ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасындағы басты жаңалық ретінде полиция қызметкерлерінің жаңа форматта, яғни, халыққа қызмет ету прициптерінде жұмыс істей бастайтынын атап айтуға болады. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімдерінде 239 «фронт-офистер» құрылып, халыққа қызмет көрсетуді бастап кетті.

Бүгінде мұндай «фронт-офистер» күн сайын 5 мыңнан астам адамға қызмет көрсетуде. Осылайша ел азаматтары полиция ғимараттарына бармай-ақ, бірқатар шаруаларын «фронт-офистерде» шешу мүмкіндігін пайдалануда. Реті келгенде айта кетіуіміз керек, қазір мұнай кеңселер халыққа электронды бағатты 40 түрлі қызмет көрсетуде. Бұл елімізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 60%-ы екенін ескерсек, қабылданған жаңа жүйе полиция мен халықтың арасындағы байланысты қаншалықты нығайтқанын байқауға болады.

Қазір «фронт-офистерде» ай сайын «Жолда қабылдау» акциясы тоқтаусыз ұйымдастырылуда. Бұдан басқа Ішкі істер министрлігінің басшылары мен жергілікті жердегі Полиция департаменті басшылары апта сайын азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал етіп келеді. Бұдан басқа министрліктің ресми сайтындағы министрдің блогды да тиімді жұмыс істеп, халықтың арыздарын қабылдап, туындаған мәселелердің оң бағытта шешілуіне ықпал етуде. Осылайша қазақ полициясы заман талабына сай болуға ұмытылуда. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға қоғам болып қолдау білдіруіміз керек.

Әлібек ҚАҢТАРБАЙ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here