Ініме

Қызық көріп кішкентай тентегімнің,

Қызықтаймын оның кей еркелігін.

Өз дегені болмаса, бой бермейді,

Ақылының білмей ол келтелігін.

Сағынамын мен оны көрмей қалсам,

Мәз болады қуанып, қолға алсам.

Оған арнап тәттіні ала жүрем,

Қыдырып, жолым түсіп, қайда барсам.

Айна Қуанышбаева

Ақсеңгір ауылы, Жамбыл облысы.

Талғарым

Тамаша табиғаты – келісті өлкем,

Құлпырған бау-бақшасы жемісті өлкем.

Талғарым – алтын ордам, әнім болған,

Талғарым – таулы-орманды сұлу көркем.

Сарқырап тау басынан ағар суың,

Аспанға көтеріліп әппақ буың.

Жаныма шипа менің жұпар ауаң,

Сағынам алыс жүрсем, құстар шуын.

Атыңнан айналайын Талғар деген,

Өзіңді артық көрем басқа жерден.

Жырлаймын өмір бақи атыңды атап,

Бұл менің махаббатым саған деген.

Кәмила Жүсіпова

Талғар қаласы, Алматы облысы

Гүлдерім

Гүлдерім-ау, гүлдерім,

Қандай көркем гүлдедің.

Сеніменен сұлу боп,

Құлпырады күндерім.

Міне, енді жаз келді,

Ойнаймыз біз де енді.

Суыққа бір жауратпай,

Жинап алдым гүлдерді.

Кәусар Нұрланқызы,

Үлкенағаш ауылы, Алматы облысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here