Агрожүйені дамытуда шетелдің озық үлгілері үйрену қажет

0
1835

Жоғары білім адам капиталының сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін оқыту процесінің үздіксіздігі – Қазақстанның осы саладағы мемлекеттік саясатының негізгі қағидаттарының бірі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі елдің тұтас білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Экономиканың аграрлық секторының инновациялық дамуы білікті мамандар болған уақытта қамтамасыз етілуі мүмкін, қазіргі кезеңде білікті мамандар  жетіспейтіні сезілуде.

Барлық деңгейлерде (фермерлер, мамандар, менеджерлер) адами әлеуетті арттыру жөніндегі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіру жөніндегі бастамалар уақыттың қазіргі заманғы сындарына жауап болып отыр.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру – докторантура мазмұнын жаңғырту, білім алушылардың дағдылары мен құзыреттері жүйесін дамыту, соның салдарынан білім беру бағдарламаларының құрылымын жетілдіру, оқыту технологияларын дамыту, ғылым мен білім беруді интеграциялау, ғылыми өнімділігін арттыру, академиялық басымдық орталықтарын құру, жоғары оқу орындарында ҒЗТКЖ инфрақұрылымдық сүйемелдеу және технологиялар трансферті басымдыққа ие болып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де Erasmus+Еуропалық Одақ бағдарламасы аясында қаржыландырылған және үш жылға есептелген «SAGRIS- тұрақты ауыл шаруашылығы және  болашақ агрожүйесі саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» атты халықаралық білім беру жобасы басталды.

Жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

 Консорциум Еуропалық Одақтың 5 серіктес жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ аккредитациялық агенттіктердің кеңестік және сараптамалық қолдауымен 4 ресейлік және 4 қазақ жоғары оқу орындары,  Қазақстан мен Ресейдегі ғылыми-зерттеу ұйымдары мен бизнес жобаның негізгі мақсаттарын қалыптастырды, олардың арасында  пәнаралық ғылымдар саласында білім алушылардың білім деңгейін жоғарылату мақсатында әр түрлі аймақтарда докторант білім алушылар үшін білім модульдерін дайындау және енгізу, пәнаралық ғылымдар саласында білім алушылардың құзыреттілігі мен біліктілігін арттыру, ауыл шаруашылығында зерттеулер жүргізу, инновацияларды енгізу, кадрлық әлеуетті арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық стандарттарға сәйкес және үздік тәжірибелер негізінде докторанттарды оқыту үшін ЖОО-да материалдық-техникалық база мен әдебиетті жаңарту және тағы басқалар.

Жоба консорциумына Нюртинген-Гайслинген Германия университеті, жоба үйлестірушісі, еуропалық ЖОО университеттері (Варшава, Прага, Тарту), ғылыми-зерттеу институты (DITSL-Витценхаузен) кірді. Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары әртүрлі аймақтарды ұсынады. Қазақстандық жоғары оқу орындарынан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Нұр-Сұлтан, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті – Алматы, Жәңгір хан университеті – Орал, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті қатысады; Ресейден  Ставрополь және Новосібір мемлекеттік аграрлық университеттері, сондай-ақ Бурят және Якут мемлекеттік ауылшаруашылық академиялары қатысады.

SAGRIS білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурада оқу болашақ агрожүйелері бойынша ғылым мен тәжірибенің сұраныстарына алдын ала жауап беруге мүмкіндік береді.

 SAGRIS Erasmus+ ЕО жобасына қатысу халықаралық білім беру кеңістігіне интеграцияны күшейтуге мүмкіндік береді, ғылыми саладағы ынтымақтастыққа ықпал етеді, халықаралық білім беру қоғамдастықтарының қызметін үйлестіруді арттырады.

Әлия Исмаилова

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ тарапынан жоба координаторы,

Есеп және аудит кафедрасының доценті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here