Балық шаруашылығын дамытуда қандай кедергілер бар?

0
1856

Премьер осы саланы дамыту жөнінде кеңес өткізді

Үкіметбасы
Асқар Мамин Атырауға барған сапарында өңірдегі балық шаруашылығының ахуалымен танысты.

Маминге есеп берген берген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша әзір еліміздегі балық пен балық өнімі нарығының ауқымы 66 мың тоннаны құрайды.

«Мұның ішінде шамамен 45 мың тонна балық аулау кәсібіне және 7,5 мың тонна балық шаруашылығының үлесіне тиесілі. Экспортқа келер болсақ, былтыр 30 мың тонна балық экспортталған. 43 мың тоннадан аса өнім импортталған», – деді Мырзағалиев.

Еліміздегі «Балық шаруашылығы» қауымдастығының төрағасы Нұрлан Жұмағалиевтің атап өткеніндей Қазақстандағы балық өндірісінің көлемін 120 мың тоннаға ұлғайтуға болады.

«Қазіргі мақсатымыз – импорттың көлемін азайту. Министр айтып кеткендей импорт экспорттан асып тұр. Атлант ақсеркесі мен алабалықтың санын өсіріп импортты тежей алаймыз. Сонымен қатар сапалы балық етіне сусап отырған Қытай мен Еуропа елдеріне балықты молынан жеткізетін мүмкіндігіміз бар», – деді Жұмағалиев.

Министр Мырзағалиевтің пікірінше балық шаруашылығының жалпы даму қарқыны жаман емес. Соңғы 7-8 жылда өсірілген балықтың көлемі 800 тоннадан 7 мың тоннаға артқан.

Мамин өз кезегінде саланы дамытуға әлі де басымдық беру керектігін айтты. Атырау сапарында Үкімет басшысы биылғы жылдың сәуір айына дейін Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Бұл саланы дамытқымыз келсе ең алдымен балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жеңілдік жасауымыз керек. Олардың су ресурсын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесін азайту қажет. Балық шаруашылығының нысандары нақты су шығындары үшін ғана ақы төлесе жеткілікті», – деді Мамин.

Үкіметбасы бұдан бөлек балық өнімінің алыс-берісін бақылайтын біріңғай жүйе әзірлеуді тапсырды.

«Тағы бір айта тоқталар жайт, Каспий теңізі мен Жайын өзенінде балық аулау мерзімін ұзарту қатысты балықшылар қауымының тарапынан ұсыныс түсті. Оны да ойластырған жөн. Сонымен қатар түнгі уақытта балық аулауға рұқсат беру мәселесі бойынша ұсыныс күтемін», – деді Премьер.

«Балық шаруашылығы ел экономикасының негізгі бағыттарының біріне айналуы керек», – деді сөзінің тоқетерінде Мамин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here