Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжде шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып, оқушы қыздардың тігіншілік қабілетін дамытуға баса мән береміз. Адам жұмысты сүйіп істегенде кез келген жастың бойындағы таланты жарқырай көрінеді.

Тігіншілік кәсіпті жастарға үйрету барысында білімі мен шеберлік сабақтарын көптеп ұйымдастырып, сабақтан тыс уақытта үйірмелерде оқушылардың машығын қалыптастыруға болады. Жұмыс барысын маталарды үнемді пайдалануға, бұйымдарды әдемі, тыңғылықты қайта оралмайтындай, дер кезінде бітіруге үйретеміз.

Қолданбалы өнер тек ою-өрнек қана емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, оң түстер сабақтастығын жан жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы.

Халық өнерін үйрету оқушыны еңбексүйгіштікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Шығармашылық жоба әр оқушының мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмыс, басқаша айтқанда, технология  бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Шығармашылық жобаға қойылатын талаптар – өзіндік қызығушылығы болу, өз мүмкіндіктерін ескеру, өз өнімдерін іске асыру және тұтыну болып табылады. Әрине, жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, өндірістік оқу пәнінде алған біліміне, оқулықтағы материалды қалай менгергеніне тікелей байланысты.

Біздің Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінде тігінші тобында өндірістік шебер ретінде студенттердің шығармашылық жұмыстарын істеуіне айрықша мән беремін. Топтағы қыздар мамандығы бойынша алған теориялық білімдерін өндірістік сабақтарында іс-тәжірибемен ұштастыра отырып, шығармашылық жұмыстарды үйренуде. Колледжде өткізілген түрлі семинар, дефильеде жаңа үлгідегі сән көйлектерімен ерекше көзге түсуде.

Тағы бір жетістігіміз тігінші қыздарымыз бен бірге колледж оқушыларына арнайы киімдер тігіп шығарудамыз. Киімдеріміз сапалы, көз қуантатынын мақтанышпен айта аламыз. Оқушыларымыз өздерінің жұмыстарын көріп тігіншілікке деген ықылысы күн сайын артып келеді. Біздің мақсатымыз –

көптеген шығармашылықтар шығару және арнайы киімдер тігу арқылы халқымызға қызмет.

Нигара АХМЕДОВА,

Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here