Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, – деп хабарлайды «Қала мен Дала».
Айғамамбетов Мемлекет басшысына еліміздегі білім және ғылым саласының бүгінгі жай-күйі жайында егжей-тегжейлі баяндады.
Тоқаев жоғары білім берудің деңгейі мен сапасын одан әрі арттыра түсу қажеттілігін айтты. Бұдан бөлек ауыл мектептеріндегі білім сапасын қалалық деңгейге жеткізу мәселесіне мән берді.
Сонымен бірге мектеп жасындағы балаларға қосымша білім беру іс-шараларын көбейтудің, білім беру ошақтарында тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізудің маңыздылығын тоқталып өтті.
«Үш ауысымдағы мектеп мәселесін өңір әкімдерімен бірлесіп шешу қажет. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізуді уақытылы түрде қолға алып, уақытында тапсыруға назар аударыңыз», – деді Тоқаев министрге қарата.
Сондай-ақ, Президент ғылым саласына бөлінетін қаржыны көбейту, ғылым қуған жастарға баса көңіл бөлуді, ғылым саласын қаржыландыру әрі басқару жүйесін заманға сай жаңғырту шараларын қабылдауды тапсырды.