Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мамандары Мәжілісте халық қалаулыларына бейбіт митингілер туралы заң жобасының тұжырымдамасын таныстырды.

Бұл тұжырымдаманың бұрынғыдан қандай ерекшелігі бар? Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі қолданыстағы шерулер туралы ережеге өзгеріс енгізу керектігін айтып, бұған жауапты құрылымдарға тиісті тапсырма берген.

Бұл жолғы тұжырымдаманың ерекшелігі жаңа құжат азаматтық белсенділердің атсалысуымен және бірқатар дамыған елдердің тәжірибесіне жүгініп әзірленген.

Аталған заң жобасы барлығы 21 баптан тұрады. Бұрынғы құжатта небары 12 бап бар болатын.

Жаңа заң жобасында мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін міндеттер нақты айқындалған. Шеру өткізуге арналған орындарды олар өздері белгілейтін болады. Өз кезегінде митинг ұйымдастыратын азаматтар үстілеріне арнайы белгі тағып, қоғамдық орындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мойнына алады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есиннің айтуынша, шеруге шығатын азаматтарға арналған орындарды (көшелерді) әкімдіктер белгілейді және бұл орындарды беру-бермеу мәселесі халықпен талқыланатын болады. Ал рұқсат етілген аймақтар күні бұрын жабылады.

– Бейбіт митингілер өтетін жерді белгілеу кезінде инфрақұрылымдардың жақын маңда болуына назар аудардық. Сонымен бірге осы шеруге қатысты басқа да азаматтардың заңдық құқығының сақталуына ерекше назар аударамыз, – дейді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here