Назарбаев Қордайдағы оқиғаға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізді, деп хабарлайды «Қала мен Дала».  

“Бұл жағдай мені қатты алаңдатып отыр. Осы 30 жылда халқымызбен бірге қаншама қиындықты еңсердік. Жастар біздер көрген, өткерген ауыртпалықты елестете де алмайды. 130-ға жуық кәсіпорынның қақпасына құлып салынды, 2,5 млн адам жұмыссыз қалды. Үйлерде жылу жоқ, азық-түлік тапшы аумалы-төкпелі кезеңнен өттік”, – дейді Назарбаев. 

Назарбаев оқиғаның себеп-салдарын анықтап, кінәлілерді заңға сай жазалауды тапсырды. 

“Бұл мәселе аға буынды алаңдатуы тиіс. Менің Ұлт көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды кейінгі толқын мақтан тұтатындай елге айналдыру”, – деді Назарбаев.  

Оның айтуынша, аға буын кейінгі буынға тәуелсіздікті  бір жұдырыққа жұмылғанда ғана сақтап қалуға болатынын түсіндіруі керек. 

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы мұндай оқиғалардың алдын алуға тырысып, жағдайды бақылауда ұстауға тиіс деп есептейді Назарбаев.  

Жиын барысында Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп берді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here