«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.

Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ынтымақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты жетістігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.

Ал жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, этносты біріктіруі тиіс. Осы жоғарыда айтылған ұлттар достастығын нығайту мақсатында, Қазақстан аумағында өмір сүретін халықтар  туралы қызықты деректермен бөлісіп, Отанды сүюге, елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге, көпұлтты Қазақстан, олардың достық пен татулықтың туын берік ұстау мақсатында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Әзірбайжан халқы туралы қызықты деректер» атты бейне сабақ өткізді.

Шара барысында әзірбайжан халқының ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі, ұлттық мерекелері туралы ақпарат берді және «Ұлттар достығы-татулықтың тал бесігі» атты видео көрсетілді. Ақтөбе гуманитарлық колледжі «кітапхана ісі» мамандығының студенттері арасында қызықты мәліметтер айтылып, талқыланды.

Жиын соңында «Достығымыз жарасқан – Әзірбайжан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Қонақтар естелік суретке түсіп тарқасты.

Бибігүл ШАМЕДЕНОВА.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here