Қазақстанның Ұлттық банкі талапты жастарды жұмысқа шақыруда. Қаржы ұйымы өзінің кадрлық резервін құру мақсатында іріктеу жұмыстарын бастап кетті.

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы құрылымының кадр резервін қалыптастыру мақсатында іріктеуді бастағанын хабарлап отыр. Жоғары оқу орындарында білім алатын талапты, дарында әрі келешегінен үміт күттіретін түлектерді және де жұмыс тәжірибесі бар білікті жас мамандарды қатарымызға қосылуға шақырамыз.

Үміткерлерді іріктеу кезінде: сәйкесінше жоғары білімінің болуы, білімі мен біліктілігін үйлестіре білген жоғары деңгейі, жұмыс өтілі, халықаралық қаржы және де ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттарының болуы, сонымен бірге үміткердің потенциалы негізгі өлшемдік талаптар болып табылады», – делінген банк таратқан мәліметте.

Банкке жұмысқа алынатын үздік кадрларды таңдау науқаны кезең-кезеңімен іріктеу негізінде жүргізілетін болады. Үмітке жастарға жұмысқа тұру өз үшін түйіндеме әзірлеуге, эссе жазуға бұдан бөлек іктеудің тағы бірнеше сатысынан өту ұсынылады.

Жастардың түйіндемелері мен шығармашылық жұмыстарын кәсіби мамандар сараптап өткізіп, осының нәтижесінде іріктелген азаматтар банк жанындағы

Адами капиталды дамыту бөлімшесімен әңгімелесуге шақырылады.

Бұл кезең жас маманды психологиялық тестілеуден өткізу, Ұлттық банктерді бөлімше басшыларымен жүздесіп, әңгімелесуден тұрады.

Іріктеуден іркілмей өткен жастар Ұлттық банктің кадрлық резервіне кіріп, бір жыл аралығында қаржы ұйымына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетелік, банктің кадрлық қосынына енген жастардың тізімі Ұлттық банктің ресми интернет сайтында жарияланатын болады.

Банктің таратқан ақпаратына сәйкес бос жұмыс орындарына қатысты мәлімет және де оларға қойылатын шарттармен банктің www.nationalbank.kz ресми сайтынан таныса аласыздар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here