Нұрсұлтан Назарбаев: «Жастарға жол ашу керек»

0
1973

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім жинап келген жастарға жол ашу керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңейтілген жиынында осылай деді.

«Болашақтың» бағдарламасының әлеуеті зор. Әзір 10 мыңға тарта мүшесі бар. Бәрін бір кездері мемлекет есебінен оқуға жібердік. Қазір шетелдерде біздің 60 мыңға тарта жастарымыз оқып жатыр. Одан да көп болуы әбден мүмкін. Ресейдің өзінде 16 мың қазақстандық оқиды. Олар ертең елге келіп, еңбек етеді. Олармен жұмысты жалғастырған жөн», – деді Назарбаев.

Оның айтуынша, бағдарлама бойынша оқу оқып, елге оралғандар бүгінде түрлі салада қызмет етіп, мемлекеттің дамуына үлес қосуда.

«Соның бір дәлелі – Алтай Көлгінов. Бір кездері біз оны оқуға жібердік, қазір ол қала басшылығында отыр. Міне, осындай талапты жастар көп. Ал бұл жастарды не үшін әзірледік?

Қазір креслосына жабысып отырып алатындар көп. Жастардың жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Жастарды қоғамдық өмірге белсенді түрде араластыру қажет. Өйтпедік екен  бір жерде тұралап, дамымай қаламыз. Сол себепті де 2020 жылы өтетін Jas Otan съезінде дарынды жастарды бір жұдырыққа жұмылдыруды ұсынамын», – деді Елбасы.

Оның айтып өткеніндей,  Nur Otan әуелден жастарға зор көңіл бөліп келеді. Осыдан төрт жыл бұрын «Жастар Отанға» атты бағдарлама қабылданған, ал биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды.

«Бастысы нәтиже керек. Жастардың шешілмеген мәселесі көп. Баспана мәселесі, жұмыспен қамту, бұл мәселердің бәрін назарда ұстағанымыз жөн. Соның ішінде жатақхана жетіспеушілігін ертелетіп шешуіміз қажет. Бұған қатысты Асқар Ұзақбайұлына (Үкімет басшысы Асқар Мамин) тапсырма берілді», – деді Елбасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here