Мектептер бес күндікке қашан көшеді?

0
2278

Еліміздегі мектептерді 5 күндік оқу аптасына көшіру жыл аяғына дейін шешілуі тиіс. Бұлай деп Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова айтты.

«Жасырар жоқ, бұл мәселе ұстаздар қауымын да алаңдатып отыр. Газет беттерінен ведомство басшысы Асхат Аймағамбетовтің бұған қатысты пікірін ел оқыды. Әзір әр мектептегі ұстаздар кеңесінде бұл мәселе қызу талқылануда. Әр мектеп өзінің оқу жоспарына сәйкес, 5 күндікке көше алады. Министрлік осыны ұсынып отыр», – деді Фатима Жақыпова.

Вице-министрдің пікірінше, егер де мектептер 5 күндік оқуға ауысса, ұстаздар сенбі күнін өзіне арнап, бұл күнді өз қалауынша өткізуге мүмкіндік алады.

«Ұстаздар бұл күнді отбасына арнап, апта бойғы қарбаластан аз да болса құтылады. Алайда мектеп басшылығы айына бір мәрте ұстаздар кеңесін ұйымдастырып немесе өзге де шараларға ұйытқы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда  ұстаздарға тағы да салмақ түсері анық. Осы және басқа да мәселелерді жыл соңына дейін шешеміз деп сенемін», – дейді вице-министр.

 Айта кетелік, күні кеше өткен Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министріне мектептерді 5 күндік оқу аптасына ауыстыруды ұсынған. Елімізде бұл әдіске көшкен мектептер бар. Алайда мектеп басшылығының бұйрығы бойынша сенбі күні де жұмыс істейтін ұстаздар көп.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here