Еліміздегі жастардың саны 4 млн-нан асты

0
1116

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

«29 жасқа дейінгі жас мамандарды үймен қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласында алдағы 3 жылдың ішінде 9 мыңға жуық арендалық үй беріледі.

Жастарды кәсіпкерлікке баулуға басымдық береміз.

Биыл «Жас бизнесмен» жобасы аясында 9000-ға тарта жас кәсіпкерге 500 мың теңгелік гранттар бөлінді. «Бастау» бағдарламасы және бар.

Жасырып жабары жоқ, базар жағалап жүрген жастар бар, түрлі маргинал топтар бар. «Бастау» жобасы міне, осындай буынға арналып әзірленген.

 Еліміздегі 180 колледж бен 20 университет Назарбаев Университеті үлгісімен қайта жабдықталатын болады. Еліміздегі жастардың саны 4 млн-нан асты. Бұл үлкен күш, үлкен әлеует. Жастары жалынды елдің болашағы баянды» – деді Гүлшара Әбдіқалықова Зерен-2019» жастар лагерінің жабылу салтанатында.

Айта кетелік, биылғы жыл Жастар жылы болып белгіленген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ел жастарына көптеген жеңілдіктер жасалатынын айтып келеді. Жастарды жан-жақты демеу, қолдау мақсатында ауқымды жол картасы әзірленіп, 89 нақты бағыт айқындалған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here