Болашақ қаласын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары әзірлеуде

0
1320

Өткен аптада Павлодар қаласында өткен робот техникасы бойынша республикалық чемпионаттан алматылық оқушылар командасы жеңіспен оралды.Робот техникадан Бүкіләлемдік олимпиаданың тақырыбы – «SMART CITY» – Ақылды қала. Жарыста Қазақстанның барлық аймақтарынан келгенекі жүзден астам қатысушыәзірлеп әкелген болашаққала жобаларын паш етті. Біріншілікжеңімпаздары, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Никита Носков пенДаниил Прохоренкотолығымен автономды режимде бірқатар миссия орындайтынробот әзірледі.Чемпиондардың роботы барлық тапсырмаларды 100 пайызға орындап, алға шықты.

Қала бойынша ең жылдам әрі қауіпсіз көлік нұсқасын Зияткерлік мектеп оқушылары Асылбек Сәкенов пен Асанқұл Ескендір ұсынды. Ақылды қала үшін олар таксидің автопилоттық сервисін әзірледі. Жасанды интеллект толығымен ең оңтайлы маршрутты, нақты шешімдерді шығарып, толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ең қысқа уақыт ішінде сізді орныңызғажеткізеді. Қазіргі таңда ол қиял болып көрінгенмен,балалар келесі онжылдықта таксидің автопилот сервисінің қызметіне ірі мегаполистің әрбір бесінші тұрғыны жүгінетін болады деп санайды. Және оған мысал ретіндекүншығыс елін келтіріп отыр.

– Көлік жүйесі қаланың маңызды бөлігі болып табылады және болашақта бұл мәртебені жоғалтпайды. Бұл заманауи әлемдегі адамдар үшін әдеттегі іс болды. Оның әлі күнге дейін шешімін таппаған өз проблемалары бар.Түрлі қалалық, аудандардың көлік қозғалысы кезінде автокөлік апаттары мен жол тығырығы сияқтымәселелер туындайды, – деді Асылбек пен Ескендір. Оқушылардың пікірінше,  «ақылды қаланың» көлік жүйесі қауіпсіздік, сенімділік, жайлылық пен ыңғайлықтықамтуы тиіс. Осының барлығына заманауи инновациялар арқылықол жеткізуге боладыдеп санайды зияткерлер.

Келесі санатта Қазақстан чемпиондары атанған,Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушылары Шыңғыс Қуанышбай мен Михаил Дудиновиженерлік құрылғылардың, лифттің, көлікті байланыссыз жуу мен сымсыз зарядтаудың қағидаларын біріктіретін үш деңгейлі смарт-паркинг жүйесін әзірледі.Нақты ауқымда смарт-паркингтерді енгізу есебінен жерді айтарлықтай үнемдеуге және толық қауіпсіздікке қол жеткізуге болады.

Чемпиондар күзде Венгрияда өтетін World Robot Olympiad (WRO)-2019-ға жолдама ұтып алды. WRO-бұл оқушылар мен студенттерге арналған робот техникасы бойынша халықаралық олимпиада. Қазіргі уақытта WRO– спорттық робот техникасысаласындағы әлемдегі ең ірі және танымал жарысболып табылады.

Зияткерлер роботтехникасы бойынша әлемнің үздік 10 командасының қатарына кіруді көздеп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here