Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «Колледждер? Білім саласын заманға сай жаңғыртуға тиіспіз»

0
1175

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кәсіптік-техникалық білім берудің деңгейін көтеру қажет деп есептейді.

Бұған қол жеткізу үшін аталған саладағы білім беру жүйесін толықтай жаңғырту қажет.

Президенттің айтуынша елдегі колледждердің қазіргі заман талабына сай келмейтін материалдық-техникалық базасы және білікті ұстаздардың тапшылығы аталған саланы ақсатып отыр.

«Қазірде Қазақстандағы жұмыс берушілердің 65-70 пайызы колледж бітіріп келген түлектердің біліміне көңілі толмайды. Тиісінше оларды жұмысқа алмайды.Бұл осынау оқу орындарының білім сапасы сұранысқа сай емесін анық аңғартып тұр», – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы ЖОО-ларға да бірқатар ескерту айтып, олардың елдегі өндіріс орындарымен, кәсіпкерлермен, жалпы жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынаста болуын тілге тиек етті.

Тоқаевтың пікірінше ЖОО-лардың тәуелсіздігі, білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекеге қозғау салып, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда жоғары оқу орындары студенттерге не үйретеді, қалай үйретеді өздері шешіп жүр. Еліміздігі білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талап-тілегін ескере отыра қалыптасуы тиіс. Университеттердің жыл сайын көрсеткіштері осы міндетті кімдердің орындап, кімдердің орындай алмай отырғанын көрсетіп отыр», – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here