Бизнес бастағысы келетін жастар қолдау табады

0
1058

Үкімет жастар кәсіпкерлігін жолға қоймақ. Бұлай деп Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова мәлімдеді.

«Жастарды жұмыспен қамту –негізгі міндеттің бірі. Осы мақсатта арнайы мәлімет базасын құрдық. Бұрындары барлық студенттен жұмыс орналасқаны туралы «справка» сұралатын.

Бірақ бұл жалған болатын. Ендігі жерде бұл жалған емес. Екі бірдей мәлімет базасы біріктірілген және біздер әлеуметтік төлемдер бойынша жас маманның жұмысқа орналасқанын немесе орналаспаған көріп-біліп отырамыз. Еліміздегі оқу бітірген барлық түлектердің 63 пайызы еңбек етеді. Болашақта бұл көрсеткіштің өсе түсеріне сенімім мол», – деді вице-министр. 
Омарбекованың айтуынша, Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық төмен.

«Алматы қаласының нарығында бар мамандықтардың өзінде жастар арасындағы жұмыссыздық 6,4 пайыздың айналасында. Бірақ, ол жерде 12 мың бос жұмыс орны тіркелсе, жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 11 мың адамға жетіп отыр. Тиісінше бос жұмыс орны жұмыссыздардан көп дегенді білдіреді және бұл ең басты мәселе болып тұр», – дейді.

Ал мұның себебі? Вице-министрдің пікірінше еңбек нарығы ұсынып отырған жұмыстың айлығы төмен. Сондықтан жастар оған бармайды.

«Мәселені шешудіңжолы– бұл жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту. Осы мақсатта биылдан бастап кәсібін бастауға берілетін гранттардың санын арттырамыз. Атап айтар болсам, бұлар жас ғалымдарға арналған ғылыми грант, бұдан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өз кәсібін ашуға берілетін гранттары. Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан 2 миллиард теңге бөлініп отыр», – деді Жұлдыз Омарбекова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here