Көпбейінді клникалар медицинаны алға бастайды

0
1098

Таяуда Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық қаржы орталығында, Қазақстанның медициналық оқу орындарында біріктірілген университет клиникаларын жоспарлау, ұйымдастыру, қаржыландыру, инвестициялау және дамыту бойынша мәселелерді шешу және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «FUTURE HOSPITAL KZ: politics, investment, implementation» халықаралық форумы өтті.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана медицина университеті және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған.

Медициналық университеттер, стратегиялық серіктестер, клиникалар және биомедициналық зерттеу ұйымдары жаңа клиникалардың мысалында (инфрақұрылым, пациент логистикасы, зерттеу және оқыту мекемелері, шетелдік лабораториялар) клиникаларға (сонымен қатар университеттік клиникаларға) деген сұранысты жоспарлау мәселелері жөніндегі басты сарапшылар болады.

Форум  Қазақстанда университеттік клиникаларды құру барысында инвестицияларды тартумен бірге халықаралық серіктестікті дамытуға жақсы мүмкіндік.

Форум жергілікті комитетінің төрағасы, «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Д.Павалькистің айтуынша: «Форумның нәтижесінде, клиникаларды құру саласындағы қазіргі саясатты қайта қарастыру, яғни кішігірім бірсалалы клиникалардан көшу және қалалық, аумақтық немесе республикалық деңгейлеріне қарамастан, аумақтың барша халқын барлық медициналық, сонымен бірге шұғыл көмекпен қамтамасыз ететін үлкен көпбейінді клиникаларды салуға көшу керек» деп өз ойын ортаға салды.

Жарбол КЕНТҰЛЫ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here