Сонымен биылғы жылдың соңында осыдан 3 жыл бұрын қабылданған «Денсаулық» бағдарламасы мәресіне жетіп, атқарылған жұмыстар қорытындыланады.

Сарапшыларды мазалайтын басты сауал: қаражаттың тиісті мақсатта жұмсалуы. Осы орайда 2016-2019 жылдарға арналған барлығы 7 бағыттан тұратын «Денсаулық» бағдарламасының нәтижелері «Нұр Отан» партиясының жиынында жан-жақты талқыланып, осы мақсатқа бөлінген қаржы-қаражаттың орнымен жұмсалуы мәселесі сөз болды.

Медицина саласындағы кезек күттірмес кешенді мәселелер сөз болған жиынға Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып, осынау бағдарламаның 3 жылғы нәтижесі бойынша егжей-тегжейлі есеп берді. Олардың айтуынша, «Денсаулық» бағдарламасында баса көрсетілген мақсат-міндеттер толықтай орындалған.
Айталық, осы жылдар аралығында елімізде өлім-жітім көрсеткіші 3,1 пайызға төмендеген. Ал қатерлі ісіктің салдарынан болатын адам өлімі 8,2 пайызға азайған, түберкүлезден көз жұмғандардың саны соңғы 3 жылда 29,4 пайыза азайыпты.

Айтпақшы, «Денсаулық» бағдарламасы аяқталғасын, елімізде медицина саласын жаңа деңгейге шығарудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазір еліміздегі білікті медицина мамандарының атсалысуымен аталған бағдарламаның жоба-жоспары жасалуда.

Әзірге белгілісі, жаңа бағдарлама ел ішінде салауатты өмір дағдысын түзу, медициналық көмектің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейден түсірмей тұрақтылығын қолдайтын 3 бағытты қамтитын болады.

Болат Тәкежанов,  Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы:

«Иә, «Денсаулық» бағдарламасының кем-кетіктері болады. Бағдарлама барысында жіберілген қателіктерді ескеріп, талап-үдеден шыға алмаған кейбір өңірлерге байланысты шара қабылдайтын боламыз. Себебі алдымызға қойған бірқатар индикаторлар көрсеткіші көңіл көншітпейді. Оның ішінде ана мен бала өлімін азайту мәселесі аса өзекті. Жалпы алғанда, ана мен бала өлімінің алдын алуда жақсы нәтижелер бар. Бірақ та мақсатты көрсеткішке жете алған жоқпыз. Ана өліміне қатысты соңғы 3-4 жылда бұл тараптағы ақпаратқа дұрыс талдау жасалынған жоқ. Жаңа бағдарлама қабылданса, мұның бәрін ескеретін боламыз».

Түйін:

Айтпақшы, «Денсаулық» бағдарламасы аяқталғасын, елімізде медицина саласын жаңа деңгейге шығарудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазір еліміздегі білікті медицина мамандарының атсалысуымен аталған бағдарламаның жоба-жоспары жасалуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here