Мемлекет деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балдырғандардың әлеуметтік құқығын қорғау мақсатында бюджеттен қосымша қаржыны бөлу мәселесі қарастырылуда.

 Бұл жайында Сенатта мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау тақырыбы турасында баяндама жасаған Денсаулық сақтау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

«Мүгедек балаларды оңалту жабдықтарымен толықтай қамтамасыз ету жұмыстары бірінші кезекте бюджет әлеуетін ескере отырып, кезеңімен жүргізіледі. Бүгінгі таңда біздер осы бағыт бойынша жоспар әзірлеудеміз, мұның бюджеті қосымша 34 миллиард теңгені қажет етеді. Негізінен, осынау бастама 100 процентке мүмкіндігі шектеулі жандарға өздерінің ең алдымен, әлеуметтік құқықтарын нақты жүзеге асыру үшін жасалуда. Осы себепті қазірде келіссөз жұмыстары жергілікті атқарушы құрылымдармен, Қаржы  және де Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе атқарылуда», – деді Светлана Жақыпова.

Бұдан бөлек, ол  мүгедектігіне байланысты үйлерінде білім алып жатқан балалардың мәселесіне тоқталып өтті.

 «Ерекше күтімді, ерекше білім беруді қажетсінетін балақайлардың 14 мыңы, яғни 15 пайызы үйлерінде білім алуда. Олардың оқу құралдарын сатып алып жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Былтырғы жылы бұл мақсатқа 694 млн теңге бөлініп, 13 900 тиісті көмекпен қамтылды. Шамамен әр балаға оқу құралдарын алуға 4 139 теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап қалмайды», – деді Жақыпова. Оның айтуынша, жоғалтқан әдет-дағдысының орнын толтыру мақсатында мүгедек балалар әр жыл сайын бюджеттің есебінен оңалтуға арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here