2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасында медициналық кешендерді жетілдіру мәселесі нақты жазылған.

Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта шалғайда орналасқан елді мекендердің тұрғындарына арнап 18 жылжымалы медицина кешенін сатып алуды жоспарлауда.

Бұл туралы медициналық кешендердің сапасына қатысты депутаттар сауалына жауап берген Үкіметбасы Асқар Мәмин айтты.

Мәминнің мәліметінше, қалалық жерден қашықта орналасқан ауылдар әлі күнге дейін сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр. Осы себепті ауылдағы медициналық қызметтің деңгейін көтеру үшін дейін 50-ге жуық жылжымалы медициналық кешен сатып алынған екен.

Қазіргі күні осынау кешендерде стоматолог, акушер-гинеколог, офтальмолог, отоларинголог және хирург секілді халық кеңес алуға мұқтаж мамандар медициналық іс-шараларды әрі зертханалық зерттеулерді жүзеге асыруда.

 «Мысалы, Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сай, былтырғы жылы жылжымалы медициналық кешендер қызметімен барлығы 1 700 ауыл қамтылып, 826 мың адам (жалпы алғанда, ауыл халқының 11 проценті) тексерілген.

Осы ретте профилактикалық тексеру кезінде барлығы 88 мың науқас анықталған, олардың 29 мыңы  (33 пайызы) тиісті ем-дом алған.

Ал биылғы жылы ең кемінде 860 мың адамды нақты қамту жоспарланып отырған жайы бар.

Алдағы үш жылда облыстардың сұраныстары бойынша Денсаулық сақтау министрлігі барлығы 18 жылжымалы медициналық  кешен (Ақтөбе – 3, Атырау – 2, Павлодар – 3, Қызылорда – 5, Түркістан – 4, Қостанай – 1) сатып алуды жоспарлап қойған», – деді Асқар Мәмин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here