Міндетті медициналық сақтандыруға арналған бюджет жобасы жұрт талқысына ұсынылады

0
2838

Білетін боларсыздар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру күшіне енеді.

 Осыған байланысты қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ары қарай – МӘМС) пакеттерін түсіндіру бойынша үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 2020-2022 жылдарға арналған медициналық қызметтер көлемін жоспарлау туралы» 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылуда.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауынша жақында медициналық сақтандыру жұмыстарын жан-жақты насихаттайтын  аймақтық жұмыс тобы құрылды.

Оның құрамына Алматы облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың басшылары, ҚР ДСМ  «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының және Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері кірген.

Алматы облысы бойынша филиал директоры Сәбит Құралбек атап өткеніндей, бюджеттік өтінімді қалыптастырудағы негізгі мақсат медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қорды медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ретінде дамыту, халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылымды дамыту және қаражатты тиімді пайдалану болып табылады.

– Біздің алдымызда халықтың қажеттіліктерін негізге ала отырып, қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру, ресурстарды тиімді пайдалану, жоспарлау процесінің айқындылығын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдарды жоспарлау процесіне тарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру пакеттерін бөлу міндеттері тұр, – деді Сәбит Құралбек.

Бұл орайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған бюджет жобасы жұртшылығының талқылауына ұсынылып, онда белгіленген барлық басым индикаторлар ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, қор 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі анықтайтын қаржы операторы болып табылады және Қазақстан Үкіметі белгілеген мөлшерде халыққа медициналық қызметтерді сатып алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here