Заң жобасы қаралды

0
456

Осы аптада ҚР Парламенті Сенатында Қаржы және бюджет комитетінің депутаттарының кеңейтілген отырысы өтті. Сенатор Ольга Перепечина ханымның жетекшілік еткен комитет отырысында халық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасы ұлттық және шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларға бөле отырып «жария лауазымды тұлғалар» деген жаңа ұғымды енгізуді де көздейді. Бұл ретте салалық агенттік қаржы мониторингін жүргізу үшін ұлттық жария лауазымды тұлғалардың тізімін енгізетін болады.

Сондай-ақ, цифрлық активтер саласында қызмет атқаратын тұлғалар қаржы мониторингі субъектілерінің қатарына жатқызылатын болады. Олар өз қызметінің басталғаны туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге тиіс, ал бақылау-қадағалау функциялары еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілетін болады.

Осы және басқа да жаңалықтар кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсартуға бағытталған. Депутаттар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here