Есірткімен күресті құқық қорғау органдары алдыңғы шепте жүретіні белгілі. Жастарды есірткіден сақтандыру жолдында полиция қызметкерлерінің алатын орыны ерекше. Шілде айыда «Қарасора – 2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп, есірткі тасымалдаушыларды жолы кесілді.
15 шілдеде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2021» шарасы аясында Шу ауданының құмды аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 27-61 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Оларды тінту кезінде салмағы 30 келіге жуық «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Алынған есірткі затының салмағы 300 мың дозадан асады. Қара нарықта есірткінің мұндай мөлшерінің құны шамамен 3 миллион теңге болады.
– ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.
Қолға түскен есірткі тасымалдаушылар кінәсін толық мойындаған. Бүгінде олар Шу қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр.