Тәртіп сақшыларына жұмысына қатысты біраз сын айтылатыны белгілі. Бірақ олардың күнделікті өмірде қоғамдық тәртіп сақтау жолында күн-түн демей жұмыс істеп жүргені көзге түсе бермейді. Жақында Тараз қаласындағы тәріп сақшылары электронды тұрмыстық бұйымдар сататын дүкеннің қоймасынан құны 150 мың теңге тұратын шамды ұрлаған сұғанақты қолға түсірді.
Нақытарақ айтсақ, 18 шілдеде Тараз қаласының Полиция басқармасына 28 жастағы қала тұрғын жүгініп, дүкеннен қымбат заттың қрланғанын хабарлаған. Тараз қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының арқасында күндізгі уақытта сөреден 150 мың теңгеге тұратын шамды қолды қылған ұрыны ұстады. Қымбат шамды ұрлаған азамат өзінің кінәсін толықтай мойындаған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қайтарылды.
Қанат НҰРМАҒАМБЕТ