Күні кеше ғана ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ақпарат құралдары өкілдеріне Қазақстан полициясының су жаңа формасын таныстырды. Тәртіп сақшыларының жаңа формасы олардың жұмыс істеуіне өте қолайлы. Қазақстанның ұланғайыр өзіне тән климаттық ерекшелігі бар екені белгілі. Айталық жазда еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық ұзақ уақыт сақталса, солтүстік қоңыржай салқын болады. Министр құқық қорғау қызметкерлерінің жаңа формасын тіктіру барысында еліміздің климаттық жағдайы да назарға алынғанын алға тартты.
Жаңа форма бірінші болып патрулдік және учаскелік полицейлер үстілеріне киетін болады. Қазіргі таңда оларға арналған жазғы, күзгі-көктемгі және қысқы формалар дайын. Сала басшысы алдағы уақытта кеңселерде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнап форма дайындалып жатқандарын да тілге тиек етті.
Осы ретте қазақ полициясының жаңа формасының дизайынын дайындауға министрдің өзі де қатысыпты. Ерлан Заманбекұлы бастаған білікті мамандар өзге елдердің полиция формаларын таразылап, олардың дизайнын барынша зерделегенін айта кетуіміз керек. Дүниежүзінде полицейлердің формасының түсі қошқыл көк түс екені белгілі.
Тәртіп сақшыларының жаңа формалары жеңіл әрі тартымдылығымен ерекшеленеді. Жаңа формадан галстук пен туфлиді байқамадық. Бұрындары темір жұлдыздар киімге жапсырылатын. Ал жаңа формада оны ине жіппен тағып алуға болады. Осы ретте барлық полицейлерге арналып қошқыл көк түсті майка тігілгенін айта кетуіміз керек.
– Бұл майкалар көйлекпен киюге өте ығайлы. Киімдерде темір жұлдыздар мүлде жоқ. Бұрғынғы киімдерде мұндай белгілер киімді шешіп, кигенде қатты кедергі келтіруші еді. Сонымен қатар әрбір қызметкерлерімізге көшеде киіп жүретін арқасында Polisia деген жазуы сары жилеттер беріледі, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.
Бұдан былай тәртіп сақшылары кеңес заманындағыдай фуражка кимейді, оның орнын ыңғайлы бейсболкілер алмастырады. Жеңіл бас киімнің маңдайшасында жарықты қанықтыратын жолақтар мен Polisia деген жазу болады.
– Біздер полиция қызметкерлерінің жаңа формасын дайындау барысында қауіпсіздік мәселесіне баса мән бердік. Жол көлік оқиғасы кезінде тәртіп сақшылары көліктер қайшалысқан жерде жұмыс істеп, көлік жүргізушілері оларды байқамай қалуы әбден мүмкін. Осындай жайсыз жағдайдың алдын алу үшін жаңа формаларға түнде жарықты қанықтыратын жолақтар қостық. Жаңа формамен жүрген полицейлерді түнде көлік жүргізушілер сары жилет кимесе де алыстан байқайтын болады, – деген Ерлан Тұрғымбаев қауіпсіздік мәселесіне айрықшы мән бергенін айтты.
Осы ретте айта кетуіміз керек, полиция қызметкерлерінің жаңа формасының 40 пайызы мақтадан жасалған табиғи матадан тігіледі. Ең қызығы, осыған дейін тәртіп сақшыларын классикалық қара туфлимен көрген халық бұдан былай әдемі ығайлы кроссовка киген тәртіп сақшыларын көріп таңқалуы мүмкін.
– Кроссовкаға да Polisia деген жазу жазылады. Аяқ киім өте жеңіл, тәртіп сақшыларының күні ұзақ далада жүруіне ыңғайлы. Жазда киетін кроссовкалар жүгіріп, секіруге қолайлы. Қыста киетін бәтіңкелері де жылы. Әріптестеріміздің аяғы жауарамайды. Қысы қытымыр аймақтардағы тәртіп сақшыларының бәтіңкелеріне жылылығын қалың. Жаңа форманы отандық кәсіпорындар дайындайды, – деді Ерлан Заманбекұлы.
Ерлан Тұрғымбаев қазақ полициясының жаңа формасын таныстырғанда фуаржкаға айрықша тоқталды. Ұлттық ою-өрнектер қолданылған бас киім өте ыңғайлы екені көзге көрініп тұрды. Күн қағарының өзі тәртіп сақшылары күн мен жаңбырдан жақсы қорғайтыны көрініп тұр.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылы тәртіп сақшыларының осыған дейін киіп жүрген формасы заман талабына сай емес екенін алға тартқан болатын.
– Ескі форма кеңсе қызметкерлері үшін қолайлы болуы мүмкін. Ал 24 сағат сыртта жұмыс істейтін әріптестеріміз үшін өте қолайсыз. Кеңес заманынан келе жатқан китель мен фуражкалар инспекторлар мен патрулдік полиция қызметкерлері үшін ыңғайсыз болды. Егер көшеде патрулдік полиция қызметкерлері қылмыскерді қуса, бір қолына фуражкасын, екінші қолына тапаншасын алып жүгіруіне тура келді. Сондықтан ойлана келе полиция қызметкерлерінің формасын заман талабына сай өзгертуде жөн деп шештік, – деді министр.
Қыста киетін киімдерге де түнде жарықты қанықтыратын сызықтар тігілген. Қысқы күртешелердің сырты су сіңдірмейтін матамен қапталған. Мұндай күртешелерде ішіндегі жылылықтары алып, салуға болады. Жылы аймақтарда күн жылған сәтте полицейлер күртешелерінің жылығын алып тастауына болады. Тәртіп сақшыларының жаңа формасы қарапайым халықтың киіп жүрген киімдеріне өте ұқсас, әрі ыңғайлы.
Кеңеседе және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін нәзік жандыларға арналып тігілген көйлектер мен бас киімдер де көздің жауын алады.
Өз кезегінде Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдарының жаңа формасын тігуге осыған дейін бөлінген бюджеттен қаржы бөлінетінін, басқа қаржы жұмсалмайтынын айтты. Сондықтан полицейлерді жаңа формамен киіндіру ісі кезең-кезеңмен іске аспақшы.
Нұрлан ЖҰМАҚАНОВ